1. ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы



бет9/18
Дата14.12.2021
өлшемі490,96 Kb.
#127034
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗУ СИЛЛАБУС
04.03-302.
Тақырыбы: Сұрақтарға жауап беру.

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Сұрақтарға жауап беру

2. Стенограмма

Дәріс тезисі:

Жоспар – кітапта (рефератта, мақалада т.б.) берілген негізгі тақырыптардың қысқаша тізімі. Жоспар мәтін мен негізгі ойдың тақырыбына сәйкес болуы тиіс. Жоспардың бөлімдері дәл, айқын болуы керек. Жоспарда мәтінде қарастырылатын мәселелер ғана атап көрсетіледі. Жоспардың негізгі бөлімдері мақсатты, жүйелі болуы қажет. Жоспар тілдік ресімделуі жағынан сұрақ-жауап, тақырыптық, тезистік болып бөлінеді. Құрылымы бойынша жоспарлар жай және күрделі болады. Сұрақ-жауап, тақырыптық және тезистік жоспарлардың негізгі ерекшеліктері:



  1. Сұраулы сөйлемдер түріндегі жоспар мәтінде берілген негізгі мәліметті іздеуге бағытталған. Сұрақтарға берілген толық жауаптар мәтіндегі негізгі мәліметті қамтиды және тезистер түрінде жоспарға сәйкес болып тұрады.

  2. Тезистер түріндегі жоспарда әр бөлім мәтіннің бөлігіне сәйкес келетін негізгі мәліметті ашатын сөйлем ретінде көрсетіледі. Сұраулы сөйлемдер мен тезистер түріндегі жоспарлар дайын мәтіннің жоспарын құру керек болған жағдайда қолданылады.

  1. Тақырыптық сөйлемдер түріндегі жоспарда мәтінде айтылатын негізгі мәселелер атап көрсетіледі. Жоспардың бұл түрі сөз сөйлеуге дайындалған кезде немесе негізгі мәселелерді белгілеуде пайдаланылады. Жоспарыңыз жұмыстың мазмұнын құрайды.

Бекіту сұрақтары:

1. Сұраққа жауап беру жолдары?

2. Стенограмма дегеніміз не?

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)
Тақырыбы: Ғылыми мақала. Ғылыми мақаланың құрылымы.

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Ғылыми мақала

2. Ғылыми мақаланың құрылымы

Дәріс тезисі:

Материал ретінде зерттеу мәселесімен байланысты деректер, идеялар, мысалдар, бақылау нәтижелері және т.б. түсініледі. Зерттеу тақырыбына қатысты белгілі қор жинақталмаса, жазбаша жұмысыңыз ғылыми жақтан шынайы, дәл емес, құр сөзге құрылған, қызықсыз еңбек болып шығады. Ақпарат жинауға жіберілген уақытыңызды босқа кеткен уақыт деп есептемеңіз. Алдын ала жасалған жоспарыңызға сәйкес жиналған материалыңыз неғұрлым көп болса, жұмысыңыз соғұрлым ғылыми тұрғыдан дәйекті, дәлелді еңбек болады. Ақпарат жинауды кітапханадан, өзге де электронды қорлардан бастаған дұрыс. Сіз жаңадан Америка ашып жатқан жоқсыз. Сіздің зерттеу мәселеңіз бұрын-соңды, сізге дейін де жанама, ішінара түрде болса да, басқа авторлардың еңбектерінде сөз болмауы мүмкін емес. Олай болса, сізге дейін осы мәселе турасында зерттеулер жүргізген, сіздің зерттеу мәселеңізге ұқсас тақырып бойынша еңбек жазған адамдардың жұмыстарымен танысуыңыз міндетті. Ең алдымен, кітапхананың каталогімен (карточкалық немесе компьютерлік) танысыңыз. Каталогте көрсетілген әдебиеттерді жинап алып, қайсысын толық оқып шығасыз, қайсысын тек қарап шығатыныңызды анықтаңыз. Бұл үшін кітаптың аңдатпасын, мазмұнын, түрлі тараулардан бірнеше абзацтар, пайдаланылған әдебиеттерін қарап шығыңыз.



Бекіту сұрақтары:

1. Ғылыми мақала дегеніміз не?

2. Ғылыми мақаланың құрылымы қалай болады?

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)
Тақырыбы: Тірек сөздер.

Сағат саны: 1

Тақырыптың жоспары:

1. Тірек сөздер

2. Абстракт

Дәріс тезисі:

Зерттеу тақырыбыңызды, басты мәселеңізді анықтап, жоспар құрып, материал жинақтап алдыңыз. Енді жұмыстың өзін жазуға көшейік. Негізгі мәтінді кіріспе бөлімнен бастайсыз. Кіріспе сіздің зерттеуіңіздің бағдарламасы іспетті болады, яғни бұл бөлімде зерттеу тақырыбының өзектілігі, тақырып аясының шегі, зерттеудің басты мәселесі, мақсаты мен міндеттері, қорғауға ұсынылатын тұжырымдарыңыз, ғылыми жаңалығыңыз, зерттеу жұмысында қолданылған ғылыми әдістер, еңбектің теориялық және практикалық құндылығы, зерттеудің сынақтан өтуі (егер болса), күтілетін нәтижелер, жұмыстың құрылымы жазылады. Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі бөлімінде айтылған ойлардың жиынтық тұжырымдары көрсетілуі тиіс, яғни осы жұмысты орындау барысында қандай нәтижелерге қол жеткіздіңіз, нені дәлелдедіңіз, сіздің ойыңызша, қандай пікір оң, қай пікір теріс, оған қалай көз жеткіздіңіз, дәйектемелеріңіз қандай және т.б. сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Жалпы тұжырымдар мен шешімдерден кейін сіз зерттеу жазып отырған саланың болашақтағы даму жолдарын көрсетуіңізге болады.



Бекіту сұрақтары:

1. Тірек сөздер дегеніміз не?

2. Абстракт дегеніміз не?

Әдебиет:

Динаева Б.Б., Сапина С.М. Академиялық сауаттылықтың теориялық және практикалық негіздері. – Астана: «КазГЮУ Консалтинг» ЖШС, 2016. -164 бет.

Исенова Ф.К. Учебно-методическое пособие по изучению дисциплины «Академическое письмо и чтение» (Модуль 2 «Научная ориентация»). – Астана: Изд-во Университета КАЗГЮУ, 2015. -144 с.

Короткина И. Академическое письмо. Учебно-методическое для руководителей школ и специалистов образования. Lap Lambert Academic Publishing GmbH and Go. Saabrucken Germany, 2011. –P.179.

Радаев В.В. Как организовать и представить исследовательский проект: 75 простых правил. - М.: ГУ ВШЭ, ИНФРА М, 2001. -202 с. (Элек. вер.: http://narod.ru/disk/2882665000/radaev.rar.html)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет