Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.
Қарым-қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір-бірімен қарым-қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі, бір-біріне толық сенімділіктері. Топ мүшелерінің біреуінің немесе бірнешеуінің басыңқы болуынан қарым-қатынастың сипаты диалогтан монологқа өтеді деөзінің негізгі сипатын жоғалтады және бұл тренинг табиғатына керісінше болады.
Үнемі «кері байланыс» принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез-құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым-қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру. Топта қатынасушылардың кері байланыс жасауына жағдай жасалуы керек (басқаға оның өзі туралы айту) және кері байланысты алуға да жағдай жасалуы керек (басқалардың өзі туралы айтқаннын тыңдау).Осындай кері байланыс дамуды көрсетеді.
Өзіндік диагностика принципі қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау. Сабақ мазмұнында адамның өзін-өзі тануына көмектесетін жаттығулар бар. Топ мүшесінде өзін әр түрлі жағдайда көретіндей мүмкіншілік болуы керек.
Дамудың оптимистік принципі жүргізуші диагностика және белгілі бір психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар қолданылады. Жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуын бір белгілі бағытқа бұрып, жол көрсетіп отыруы керек.
Ақыл-ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа итермелейді. Серігіне сенуге, бір-біріне деген қарым-қатынастарының адамгершілікті болуын тренинг, ақыл-ойды белсендендіреді – жағдайды талдау. Бұндай ақыл-ой әрекетінің негізгі формасы – топтың пікірталас (сабақтың барлығында қолданылады).
Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда, жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет. Қатынасушыдан еркінен тыс жағымды мағынада өзгерулерді талап етуге болмайды.
Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.
Топтың қалыптасу принципі өте негізгі сұрақ болып табылады. Т- топтарындағы жұмысқа қатысушылардың жас шектерінің ең ыңғайлысы 16-дан 40-қа дейінгі жас аралығы. Жеткіншек шақты да қосуға болады әлеуметтік-психологиялық тренинг тобына, егер жүргізушіде олармен үнемі қатынаста болуына мүмкіншілігі болса, өзіндік бірінші тренинг өткізуді шағын топтардан бастаған дұрыс (10-12 адам), белгілі бір тәжірибе жинақтағаннан кейін топ мүшелерінің санын 30-40-қа дейін жеткізуге болады.
Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын анықталып алынуы керек. Әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізудегі тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап ететін жұмыс көп нәтиже береді – батыру – 3-4 сағат, бір сабаққа. Аптасына сабақты бір рет өткізу керек. Егер мүмкіншілік болса, мақсатты «қысылған» сабақтарды 2-3 күнде, интенсивті тренингті күніне 6-7 сағатта өткізуге болады. 24 сағатқа созылатын тренинг- морафондар, оны алдын ала дайындалған қатынасушылармен өткізуге ғана болады.
Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімділігі –сөзсіз талап болып табылады. Егер жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек. Тренинг жаттығуларының көп бөлігі әдейі аудио немесе видео жазылып алуы керек болуы мүмкін, ол келесі сабақтарда қатынасушылардың өздері үшін қажет материал болады. Қандай жағдайда болмасын таспаға жазу топ мүшелерінің келісімі арқылы жүреді.
Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп отырғанға, 3-5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы керек.
2) Топты жүргізу психотехникасы
Ең басты назар аудару керек нарсе — ол тренинг топтың құрылуына. Бұл топтық құрылудың екі түрі бар : «құрама» топтық ұйым, яғни мұнда қатысушы мамандар әртүрлі мекеме, ұйымдардан келгендер немесе бір ұжымдағы адамдар қатысады, мысалы бір мектепте жұмыс істейтейтіндер. Екі түрлі топпен де жүргізілген жұмыс тәжірибесі бойынша, екінші топ тренингтің нәтижесінің тұрақтылығы, келесі бірлескен жұмыстың тиімділігін көтеру, инновациялық технологияларды енгізу жоспары бойынша тиімді болып келеді. Егер тренингке бір мекемеден бір адам қатысатын болса, өз потенциалын ғана жүзеге асыруға тырысады да, онда пайда болған өзгерістер өз мекемесінде қалыптасқан нормалармен және құндылықтармен сәйкес келмелей, кәсіби өзін-өзі дамытуы қиынға соғады.
Керісінше, психологиялық тренингке бір мекеменің қызметкерлерінен құрылған топ қатысса, ол өз ұжымында жаналық енгізудің инициаторы және мекемеде өзгерістер енгізуге қабілетті қызметкер бола алады. Сондықтан, қалыптасып қойған кәсіби ұжыммен тренинг жүргізген тиімді. Тренингтік жұмысты ұйымның әкімшілік қызметкерлерінен, басшылармен, директорлармен бастаған жөн. Бұл жұмыстың мақсаты басшылардың қызметкерлерімен психологиялық жұмыстың жаңа формасын қабылдауына мотивациялар тудыру.
Сабақ өткізілетін орын дыбысты сыртқа шығармайтын және бөтен адам жұмысқа кездейсоқ кедергі келтірмейтін жерде орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін болғандықтан, кабинетте кең, ыңғайлы болуы керек және желдетіліп отыруы қажет. Қатысушыларға ыңғайлы және жеңіл орындықтармен қатар, кабинетте үлкен парақтарынмен планшет (жүргізуші оған фломастермен бірдеңе жазуы немесе сурет салуы мүмкін), видеомагнитофон мен теледидар болуы керек. Кабинеттегі кеңістік кең болып, қатысушылардың шеңбері кабинеттің жартысын алып, ал қалған жартысында маттар мен кілем жайылып жатса ыңғайлы болады (медитация немесе денелік терапия жаттығуларын жасағанда ыңғайлы).
Жұмыс барысында бір жарым сағат сайын 10 минут үзіліс жасалады. Екі сағаттық түскі асқа үзіліс болуы да мүмкін.
Тренинг жұмыстарын, топтағы қатысып отырған адамдарың жұмыс орындарында емес, арнайы даярланған мекемеде өткізгені дұрыс. Тренингті қала сыртындағы санаторияда, пансионаттарда өткізуге болады. Егер де тренинг 5-6 күнге созылса қатысушылар онда тек қана өмір сүріп, тамақтанып қана қоймайды, сонымен қатар дем алып, спортпен айналысады. Марафондық-тренинг уақытында үйге түнеуге бармаған жөн. Үйге кету – теренингтағы атмосферадан және контекстан «құлау» болып табылады. Соның әсерінен топтағы динамика тежелуі мүмкін. Егер қатысушы құпиялық принципті сақтамай топтпғы болып жатған нәрселерді үйдегілеріне айтса, топқа зиянын келтіру мүмкін. Тренинг өткізу барсында «сыртқы өмірімен» қарым-қатынасын азайтқан жөн ( жұмысына, үй ішіне қоңырау салудан алшақ болған абзал).
Жұмыс өткізілетін мекеме, ешкім кедергі болмайтын орында орналасуы керек. Сабақ 10-12 сағатқа созылуы мүмкін, сол себептен жұмыс жүргізілетін орын кең, ынғайлы, желдетіп тұрулы керек. Қатысушыларға арналған ыңғайлы креслолар, шеңберде тұрған адамдарға арналған планшеттер, жүргізушінің айтқан сөздерін жазып алу үшін ақ қағазадр, фломастерлер видеомагнитофондар қажет. Жұмыс жүргізілетін орын кең болып, бір жағынды қатысушылар жұмыс жасаса, ал екінші жағында кілем жайылып жатқаны жақсы (ол медитация, денеге бағытталған терапия жаттығуларын жүргізу үшін өте ыңғайлы).
3) Тренингтегі Т топтар
Т-Топ (әлеуметті-психологиялық тренинг тобы) — әлеуметтік-психологиялық тренинг жүргізетін адамдардың арнайы тобы. Мұндай топтың мақсаты — қатысушылардың тұлғааралық икемділіктер мен дағдыларын дамыту, тұлғааралық қатынастардың нәтижелігіне кері әсерін тигізетін психологиялық кедергілерді жою.
Топтың қалыптасу принципі өте негізгі сұрақ болып табылады. Т - топтарындағы жұмысқа қатысушылардың жас шектерінің ең ыңғайлысы 16 - дан 40 - қа дейінгі жас аралығы. Жеткіншек шақты да қосуға болады әлеуметтік - психологиялық тренинг тобына, егер жүргізушіде олармен үнемі қатынаста болуына мүмкіншілігі болса, өзіндік бірінші тренинг өткізуді шағын топтардан бастаған дұрыс (10 - 12 адам), белгілі бір тәжірибе жинақтағаннан кейін топ мүшелерінің санын 30 - 40 - қа дейін жеткізуге болады.
40) Гештальттоптар
Бүгінгі күні көптеген психотерапиялық теориялар бар, олардың шеңберінде ұсынылған əдістер жүзеге асырылады. Психологиялық терапия теориялары нақты психотерапиялық топтар құруда жүзеге асады. Төмендегілер ең белгілі жəне табысты жұмыс істейтіндер болып табылады.
Гештальттоптар – басты мақсаты – адам мүмкіндіктерін интеграция жəне дамыту жолымен тұлға потенциалын ұлғайту, оның күшін арттыру. Клиент үшін өзінің өзімен, айналасындағылармен байланысын сезіну жағдайын туғызу, өткен уақытта бекітілген жəне қазіргі кезде тұрақтылығын сақтаған мінез-құлық пен ойлаудың əртүрлі ұстанымдарын, тəсілдерін саналауды арттыру, сондай-ақ оларың қазіргі кездегі мəні мен қызметі қандай екенін тексеру психотерапиялық процедураның негізі болып табылады.
1. «Мұнда жəне сонан кейін» принципі – бұл гештальттерапияның басты принципі.
2. "Мен - сен" қағидаты адамдар арасындағы ашық және тікелей байланысқа деген ұмтылысты білдіреді.
3.Мәлімдемелерді субъективтендіру принципі. Психолог клиентке объективтік типтегі формаларды субъективті формалармен алмастыруды ұсынады: "мен...". Бұл клиентке өзін белсенді субъект ретінде қарастыруға көмектеседі.
4."Сананың континуумы" - бұл жеке адамды тікелей тәжірибеге жетелеу және вербализация мен түсіндіруден бас тарту әдісі. Сезімдерді, дене сезімдерін білу және дене қимылдарын бақылау адамның өзіне және қоршаған ортамен қарым-қатынасына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |