1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы


Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек



бет71/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Пікірталас дегеніміз не? Тренингті ќалай бастау керек.Пікірталасты ќалай өткізуге болады. Пікірталасты ќалай пайдалануѓа болады.Пікірталастың түрлері жєне оларды пайдалану жолдары көрсету.

Тренингтегі пікірталас
топтық пікірталас әдісі. Мұнда топ мүшелері көзқарастарының, ұстанымдары мен мақсаттарының мәнін ашуға (мүмкіндігінше өзгертуге) мүмкіндік беретін қайсібір даулы мәселе бірігіп талқыланады.

Топтық пікірталастың психологиялық құндылығы оның кері байланысқа құрылуы мен жетекшінің шеберлігі арқасында оған қатысушы әрбір адамның бір мәселенің өзін бірнеше түрлі жолмен шешуге болатынын түсінуіне мүмкіндік беруінен көрінеді. Өйткені, әр адамның өмірде кездесетін түрлі қақтығысты жағдайларды қабылдауы мен оны шешуде сан түрлі көзқарастарды ұстанатыны анық, ал, оны білу, тану, студенттің барлық мәселеге ой көзімен қарап, түрлі нұсқалардың ішінен ең ұтымдысын таңдауы қажеттігін түйсінуіне әкеледі.

Пікірталастар барысында төмендегідей жағдайлар жиі талқыланады:


  • топ мүшелерінің басым бөлігі үшін маңызды деп танылған мәселелер (тақырыптық пікірталас). Мұндай пікірталастың міндеті — талқыланатын мәселеге сәйкес субъектілердің өз тәжірибесін бөлісуі мен оны шешу жолдарына қатысты түрлі көзқарастарын ортаға салу. Егер талқылауға нақты бір мәселе қойылса, онда пікірталастың міндеті оны шешудің жолын таңдау болып табылады.

  • топ мүшелерінің жинақталған тәжірибесі (өмірбаяндық пікірталас). Өткеннің тәжірибесі тар мақсатта пайдаланылмайды. Егер сол тәжірибенің топ үшін бүгінгі мәселені оң шешуіне тигізетін ықпалы болса ғана қолданған дұрыс.

Әдетте топтық пікірталастардың бірнеше сатылары болатыны белгілі, оның жалпы реті төмендегідей болып келеді:

  1. Бағдарлау. Бұл кезеңде пікірталастың тақырыбы мен мақсаты анықталады. Пікірталас тақырыбының барлық қатысушыға теңдей түсінікті әрі өзекті болғаны тиімді. Керісінше болған жағдайда ондай әңгімені қозғаудың өзі мәнсіз;

  2. Ақпараттарды жинау. Бұл кезеңде қатысушылар қарастырылатын мәселеге қатысты өз ойларын, сезімдері мен пікірлерін білдіре алады. Егер пікірталас нақты бір мәселенің шешімін табуды көздесе, онда қатысушылардың қай-қайсысына да өздері ойлаған барлық шешімдерді ортаға салуға мүмкіндік берген жөн. Мұндайда сыни көзқарастардың (яғни «миға шабуыл» әдісін қолдану арқылы) өрістетуіне де шек қойылмауы тиіс, сонда ғана ол өз мақсатына жақындай түспек;

  3. талқылау барысында алынған ақпараттарды реттеу, негіздеу және бірлесе бағалау кезеңі. Бұл кезеңде талқылауға қойылған мәселені шешудің бұрын ұсынылған нұсқаларына сыни талдау жасалады.

  4. Пікірталастың аяқталуы: қорытындылар шығару, пікірталастың мақсаты мен алынған нәтижелерді өзара салыстыру . Егер нақты мәселе талқыланса, онда оны шешудің тәсілдері атап көрсетіледі.

Кейде топтық пікірталаспен қатар «кейс әдісі» де қоса жүреді. Өйткені кейсте де нақты бір мәселеге топтық талдау жасалады. Олай болса, студенттер үшін аса бір өзекті мәселе талқыланған тұста бұл әдіс тақырыптық топтық пікірталастың бір түрі деп саналады да, сол нақты мәселенің тақырыбы анықталады.

Егер топтық пікірталастың тақырыбын және оны ұйымдастырудың ретін жүргізуші өзі белгілейтін болса, онда пікірталас құрылымы бірізді жүреді; ал егер пікірталастың тақырыбы қатысушыларының өзінің таңдауы арқылы алынатын болса, онда пікірталастың жүргізілу реті де еркін болады, жүргізуші пікірталасқа қатысушы деңгейінде ғана араласып отырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет