1 раздел Основные понятия информатики


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы



бет44/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
Емтихан билеті №11


Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік кафедрасы


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
Барлық білім беру бағдарламалары үшін

1. Операциялық жүйелердің жіктелуі, оның ішінде мобильді құрылғылар үшін.


Үстелдік қосымшада- Windows элементтері мен объектілері көрсетілген.
MS Windows-та файлдық структуралық каталогтар орналасқан.
Үстелдік қосымшаның концепциясының бірі-ол бір уақытта бірнеше жұмысты атқара алады.
Үстелдік қосымшаның элементтері
1.Мой компьютер
2.Корзина
3.Мои документы
4. Калькулятор
5. Блокнот
Үстелдік қосымшаның астыңғы
жағында “ПУСК’’ орналасқан.

Операциялық жүйе дегеніміз – компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы бағдарламалармен қарым-қатынас жасауға арналған бағдарлама.
Операциялық жүйенің функциясына кіреді:
-Қолданушымен сұқбатты жүзеге асыру;
-Еңгізу-шығару және деректермен басқару;
-Бағдарламалардың өндеу процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
-Ресурстарды орналастыру;
-Бағдарламаларды орындалуға еңгізу;
-Бірнеше көмекші операцияларды қамтамасыз ету;
-Әр түрлі сыртқы құрылымдар арасында ақпараттарды беру; -Перифериялық құрылымдарды бағдарламалық қолдау жұмыстары.
ОЖ төрт негізгі түрі бар:
- Бір пайдаланушылық бір есептік, олар бір пернетақтаны қолдайды және тек бір есеппен жұмыс істей алады;
- Бір пайдаланушылық бір есептік фондық мөрімен, негізгі есеппен бірге қосымша есепті еңгізе алады және ақпаратты мөрге бағыттайды. Бұл көп көлемді ақпараттарды мөрге жіберу жұмысың тездетеді.;
- Бір пайдаланушылық көп есептік ,бір қолданушыға көп есептермен жұмыс жасап,өндей алады. Мысалы, бір компьютерге бірнеше принтерлер қосуға болады және әр қайсысы өз жұмысын атқарады;
- Көп пайдаланушылық көп есептік, бір компьютерде бірнеше қолданушылармен бірнеше есептер еңгізе алады.Осы ОЖ өте күрделі және бірталай машиналық ресурстарды керек етеді.

MS DOS (Microsoft Disk Operating System) операциялық жүйесі —16-разрядты персональдық компьютерлерде өте кең таралған ОЖ. Ол келесі негізгі модульдерден тұрады:
- Енгізу/шығару базалық жүйе (BIOS);
- Алғашқы қосылу блогі (Boot Record);
- Енгізу/шығару базалық жүйенің кенейту модулі (IO.SYS);
өндеуді тоқтату модулі (MSDOS.SYS);
командалық процессор (COMMAND.COM);
- MS DOS утилиттары.

Windows Операциялық жүйесі. Қазіргі кезде әлем бойынша көптеген компьютерлер Microsoft фирмасының Windows жүйесінде жұмыс жасайды.
Windows NT (NT — англ. New Technology) — бұл жай графикалық қабықша емес, ол операциялық жүйе. Дербес компьютерлердің жаңа модельдерінің мүмкіншілдіктерін қолдананады және DOS жүйесінсіз жұмыс істей алады. Windows NT — 32-разрядты ОЖ. Ол қолданушыларға көп міндетті атқаратын, көп процессорлық қолдау, құпиялық, деректерді қорғау және т.б. қамтамасыз етеді.
Windows 95 универсальды жоғарғы өнімді көп міндетті атқаратың және көп үздіксіз 32-разрядты кең таралған желілік мүмкіншілігі бар және графикалық интерфесі бар операциялық жүйе. Windows 95 — жеке бағдарламалар арсындағы ақпараттармен алмасуды іске асыратың және мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео ақпаратттарды өндеу, мультимедиямен жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолданушыға қамтамасыз ететін интеграцияланған орта. Windows 95-тің қолданушы интерфейсі өте тиімді және қарапайым. Windows 3 қабықшасына қарағанда бұл операциялық жүйе компьютерде операциялық жүйе DOS-ты қажет етпейді. Ол ДК немесе Pentium-ге арналған. Жедел жадының көлемі 32—128 Мбайт болу қажет. Компьютерді қосқаннаң кейін және BIOS мәтіндік бағдарламаларды қолданған соң Windows 95 операциялық жүйесі автоматты түрде қатты дисктан еңгізіледі.
Windows 98 - бен Windows 95-тің айырмашылығы: Windows 98 операциялық жүйесінде Internet Explorer браузерімен біріктірілген және Web-браузер түрінде жасалған. Windows 2000 Professional — әр түрлі компьютерлерде- портативтіден бастап серверліге дейін қолданылатың жаңа ғасырдың операциялық жүйесі. Интернетте коммерциялық әрекеттерді жасау үшін тиімді операциялық жүйе.
Windows CE 3.0 — операционная система для мобильды есептеуіш құрылғылар үшін қолданылатын операциялық жүйе мысалы, қалталық компьютерлер, цифрлық ақпараттық пейджерлар, мобильды телефондар, мультимедиялық және DVD құрылғылары Windows CE операциялық жүйесі—ашық архитектурасы бар, көптеген құрылымдарды қолдануға мүмкіндік беретін, 32-разрядты, көп міндетті атқаратың , көп үздіксіз операциялық жүйе. Windows CE тұтас, бірақ жоғарғы өндірімді. Бұл бірлеспроцессорлардың бірнеше маркаларымен және өндірушілермен жұмыс жасайтың мобильдік жүйе.

Windows XP – бұл бұрыннан бар Windows нұсқаларының жаңартылуы болып табылатын Microsoft амалдық жүйесі. Windows XP екі нұсқасы бар: жеке пайдаланушыларға және шағын кәсіпорындар мен мекемелерге арналған Windows XP Home және неғұрлым күрделі есептеулерді жүргізуге арналған едәуір жетілдірілген Windows XPProfessional.
Windows бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасында осындай атауға ие болды. Әрбір терезе іске қосуға болатын қандай да бір ақпараттан, кескін немесе бағдарламадан тұрады. Бейне бетте бір мезгілде бірнеше терезе орналастырып қойып, бірінен біріне ауысып жүруге болады. Windows XP пайдаланушы қажеттіліктеріне недәуір бейімделген, оның тілдесуі недәуір қызықты, алдыңғы жүйелермен салыстырғанда мүмкіндіктері недәуір кеңірек. Әдетте жүйе бір мәселе шешімінің үштен артық нұсқасын ұсынады.

Unix операциялық жүйесі Bell Telephone Laboratories-та құрылған. Unix — өте көп қолданушылардың жұмыстарын бір мезгілде қамтамасыз ете алатын көпміндетті операциялық жүйе. Unix ОЖ ядросы биік деңгейдегі С тілінде жазылған, және ассамблерде тек қана 10процент коды ғана бар. Бұл саналған айлар ішінде ОЖ Unix басқа аппраттық платформаларға аударуға және байсалды өзгерістермен қосымшыларды оңай еңгізуге болады. UNIX бірінші көшірмелі операциялық жүйе болып аталады. Көп деген қолданып жүрген UNIX версияларында әр дайым өзгерістер еңгізіліп отырады. Бір жағынаң бұл жүйенің мүмкіншілігін артырып отырады, ал бір жағынаң – қолданып жұрген версиялар арсында айырмашылықтар пайда болады.Осыған байланысты жүйелердің әртүрлі қасиеттеріне стандартизация қажеттілігі туындайды
UNIX атақтылық себебі:
- Код жүйесі биік деңгейдегі С тілінде жазылған, өте түсінікті және тиімді.
- UNIX — көп міндеттік көп қоланушылық жүйе.
- Стандарты бар.Бірінғай архитектурасы және интерфейс стандарты бар.
- Қарапайым, бірақ алымды модульдық қолданушы интерфейс.
- Бірлескен, иерархиялық файлдық жүйе қызметін көрметеді.
- Өте көп қосымшалар, сонымен қатар оңай таратылатын, қарапайым мәтіндік редактордан бастап деректер базасының басқару жүйесінең аяқтайды.

Linux — бастапқы коды ашық операциялық жүйелер жиыны. Бұл дегеніміз, олар модификациялана алады және кез келген адам оны әлем бойынша тарата алады дегенді білдіреді. Бұл оны Windows сияқты басқа ОЖ-ден қатты ерекшелейді. Өйткені Windows-ті құрастырушысы ғана өзгерте және тарата алады. Линукстың артықшылығы, оның тегін екенінде және оның таңдауға мүмкіндік болатын бірнеше нұсқасы болады. Әр нұсқаның сырт бейнесі өзгеше болады, және олардың ең танымалы Ubuntu, Mint пен Fedora.
Linux 1991 жылы Linux-тің негізін қалаған Линус Торвальдстің құрметіне аталған.
StatCounter Global Stats жалпы статистикалар мәліметінше, 2014 жылдың қыркүйек айының дерегі бойынша, Linux қолданушылары операциялық жүйелер нарығының 2%-ын құрайды. Алайда, баптауларының жеңілдігі мен икемділігінің арқасында көптеген серверлер Linux-та жұмыс істейді.

Oперациялық жүйелер үстел үстілік және ноутбук сияқты портативті компьютерлерге арналған. Телефон, смартфон, планшеттік компьютерлер мен МР3-плеерлер сияқты мобильді құрылғыларға арналып жасалған операциялық жүйелер бар, мысалы, Apple, IOS, Windows Phone және Google Android.
Android — ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.
Жаңалану тарихы
2008 жылы алғашқы нұсқасы шыққаннан бері жүйе бірнеше рет жаңаланып тұрды. Бұл жаңаландырулар жүйеден табылған ақаулар мен жаңа функцияларды қосу болып табылады. Әр нұсқаның өзінше кодталған есім болады. Кодты есімі алфавит бойынша беріледі.

Жүлдерлер мен жетістіктері
PC Magazine баспасы Android 4.0 Ice Cream Sandwich операция-лық жүйесін «Редакция қалауы» аты жүлдемен марапаттады, олар-дың айтуынша, жаңа ОЖ платформаға көптеген жаңартулар әкелді, соның ішінде смартфон мен планшеттік жүйелер арасындағы айыр-машылықты кетірген.
2012 жылдың маусым айында «Ведомости» газетінің хабарлауы бойынша, Android өзінің басты қарсыласын Apple-ді планшетті ком-пьютерлер нарығында жеңе алған. Сарапшылардың айтуынша, бұл сырғудың себебі Apple-дің өз құрыл-ғыларын шығаруды кешеуілдетіп жатуынан дейді.

iOS (2010 жылдың 24 маусымына дейін: iPhone OS) — Америкалық Apple компаниясымен құрастырылып, шығарылатын мобильді операциялық жүйе. 2007 жылы шығарылған; бастапқыда iPod touch және iPhone құрылғыларына шығарылып, сосын iPad және Apple TV құрылғыларына да шығарылды. Windows Phone және Android операциялық жүйелеріне қарағанда тек қана Apple компаниясының құрылғыларына қондырылады.
iOS-тың қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы тікелей басқару концепциясында құрылған. Интерфейсті басқару элементтері батырмалардан, сүйрегіштер мен тетіктерден құрылған.
iOS MacOS-тің негізінде құрылып, оның POSIX -үйлесімді Darwin -нің негізгі компоненттерінің жинағын қолданады.
iOS-та төрт абстракциялау қабаты бар: Core OS қабаты, Core Services қабаты, Media Layer қабаты және Cocoa Touch қабаты.
iOS-тың қазіргі таңдағы версиясында (iOS 6.0) жүйелік бөлімге құрылғының 1,5 — 2 Гб флеш-жады беріледі және бос орынға 800 Мб беріледі (құрылғының модификациясына байланысты өзгереді).
2013 жылдың 7 қаңтарына қараған таңда App Store бағдарламалар дүкенінде iOS-қа арналған 755 мың бағдарламалар бар. Оларды жүктеудің жалпы саны 40 миллиардтан асып түсті.

Джобс Стивен (Jovs Steben) 1955 жылы Калифорния штатының Маунтин-Вью қаласында дүниеге келген. Компьютерлер саласындағы америкалық ірі кәсіпкер, Apple компаниясын құрушының бірі және оның директорлар кеңесінің төрағасы. Онымен қоса, ол NeXT Software компаниясының да құрылтайшысының бірі, Pixar Animation Studios компаниясының да төрағасы әрі атқарушы бас директоры болып істеген. Өмірлік демі 2011 жылғы қазан айының 5-де үзілді.

2. Электрондық үкімет: тұжырымдасы, архитектурасы, қызметтері.


Электрондық үкімет (Е-Government)  – ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекетті басқару, биліктік құрылымдардың бір-бірімен, азаматтармен және кәсіпорындармен өзара қарым қатынас жасау жүйесі. Басқарумен байланысты өнімдерді және қызмет көрсетулерді беруде АКТ белсенді рөл атқарады.
Қызмет көрсетулер келесі құралдардың көмегімен қамтамасыз етіледі:
• халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО);
• «электрондық үкіметтің» веб-порталы.
Электрондық үкіметтің мақсаты:
• интернет желісі бойынша біріктірілген түрде халыққа қызмет көрсетулерді ұсыну;
• ақпараттық теңсіздікті жою;
• адамдарға өмір сүру ортасында Интернетпен жұмыс істеуді оқып үйрету;
• халықпен қарым-қатынасты орнату;
• экономиканың дамуына жағдай жасау;
• парасатты заңдар мен парасатты саясатты қалыптастыру;
• көптеген азаматтардың қатысуымен басқару түрін құру.
Электрондық үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде – ақпараттарды жариялау және тарату.
Екінші кезеңі - мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара қарым-қатынасына тікелей және қайтармалы жолды интерактивті қызмет ұсынады.
Үшінші кезеңде - қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.
Төртінші кезеңде - ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.
Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып 2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы. 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға енгізілді. Веб-портал арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды.
2007 жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында электрондық үкіметті қалыптастыруда, онда электрондық үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту мақсаттары алға қойылды, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында электрондық үкіметтің құрамдас бөліктерін дамытты.
Үшінші кезеңнің алғышарты транзакциялық кезеңде «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ құру болды. Бұдан былай кәсіпкер кеңсесінен шықпай тендерлерге қатыса алады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар http://www.goszakup.gov.kz/. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында электрондық қалыпта баға ұсынымдары арқылы жүзеге асты.
«Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар он-лайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс.
Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімдерде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Алайда портал тек ақпараттық ресурс қана емес, оның пайаланушыларына мемлекеттік органдардың әртүрлі электрондық қызметтері ұсынылады. Қазірдің өзінде ұзақ кезекте тұрып, уақытты босқа өткізбей-ақ мемлекеттік анықтамалар алуға болады – көп нәрсені өз компьютеріңіздің алдында отырып бітіруге болады. Бүгінгі күнге дейін «электрондық үкімет» порталында әділет, білім, ішкі істер, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сонымен қатар Жоғарғы сот пен Салық комитетінің 74 интерактивтік қызметтері көрсетіледі. Порталдағы электрондық қызметтерді пайдаланбас бұрын жаңа пайдаланушы ретінде порталға тіркелу қажет: пайдаланушы келісімімен танысып, жеке идентификациялық номерді (ЖИН) енгізіп және кілтсөзді ойластыру керек.
«Электрондық үкімет» арқылы халыққа көрсетілетін электрондық қызметтердің тізімінде көптеген тармақтар кілттің суретімен белгіленген. Демек, бұл қызметке ие болу үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс. Тиынның суреті бар белгі бұл қызметке ҚР Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж салығын төлеу қажеттігін білдіреді.
Осы аздаған уақыт ішінде порталдың қалыптасуы ақпараттық, интерактивтік және транзакциялық үш кезеңді басынан өткерді, порталда интерактивтік сервистер саны мен қызмет түрі өсті, онлайн төлемдер мен айыппұлдар төлеуге мүмкіндік ашылды.
3. а) 11001110010(2)(8)= Х (16); б) 1359 (8)= Х (2); в) 7С8А (16)= Х (2);

Кафедра меңгерушісі _________________М.М. Коккоз


Әзірлеген ____________________ Жаркимбекова А.Т.
Әзірлеген ____________________ Кадирова Ж.Б.

Бекітілген: 12.11.2019 ж. № 7 хаттама


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет