Тұз қышқылының өндірілуін тежейтін дәрілер:
1-Холиноблокаторлар: Атропин, Гастроцепин (Пиринзепин).
2-Н2-гистаминоблокаторлар: Циметиден, Ранитидин, Фамотидин (Гастросидин, Квамател), Низатидин.
3-Протон помпасының ингибиторлары: Омепразол (Омез, Лосек, Пептикум), Пантопразол (Контролок), Рабипразол (Париет).
М-холиноблокатор Гастроцепин түнгі HCl секрециясын тежеуге негізінен кешке тағайындалады. HCl секрециясын 50%-ға және пепсиногеннің секрециясын (бөлінуін) төмендетеді, сілекей бездері секрециясын аздап төмендетеді. Бүйрек және өт арқылы өзгермеген түрде шығарылады.
Н2- гистаминоблокатордың I- буыны: Циметидин; II- буыны Ранитидин; III- буыны Фамотидин, IV- буыны: Низатидин, Роксатидин.
Циметидин тұз қышқылын 50% төмендетеді. Оның көптеген жанама әсерлері бар: бауыр ферменттерінің тежелуі, осыған байланысты зат алмасу процесінің бұзылуы, гепатотоксикалық, канцерогенді, антиандрогенді әсер, гинекомастия, импотенция, лейкопения болады. Сондықтан сирек қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |