5-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
1. Автомобиль конструкциясы неше бөліктен тұрады?
2. Двигатель қандай қызмет атқарады?
3. Кузов қандай қызмет атқарады?
4. Шасси қандай бөліктерден тұрады?
6-тапсырма. Сәйкестіріңіз.
ілгіш автомобил қозғалғанда
|
автомобиль жылдамдағы мен бағытын өзгертуге арналған
|
Кардан берілімі
|
айналысты арттыру қажет
|
Берілім қорабы
|
бұрымтар астымен білік айнлысын жетекші қорапқа беруі керек
|
Жетекші көріп
|
автомобильдің қозғалысын реттейді
|
Жүру бөлігі
|
беріліп кезіндег қозғалыс үшін қажет
|
7-тапсырма. Орысшадан қазақша аударыңыз.
Автомобили ОАО КамАЗ. Базовая модель — автомобиль КамАЗ-53215 с бортовой платформой и колесной формулой 6x4. Он снабжен дизелем мощностью 176 кВт, имеет грузоподъемность 11 т и может быть использован как автомобиль-тягач в составе автопоезда с прицепами и полуприцепами. Модификации этой модели: седельные тягачи, автофургоны, самосвалы и др.
Автомобильдер классификациясы
Атқаратын қызметіне қарай автомобильдер жүк, жолаушылар және арнайы автомобильдер болып бөлінеді.
Жүк автомобильдері жүк тасуға арналады. Мұндай автомобильдер жүк тасу мүмкіндігіне қарай аса кіші (0,3....1,0 т), кіші (1,0....3,0 т), орташа (3,0...5,0 т), үлкен (5,0...8,0 т), аса улкен (8 т жоғары) кластарына бөлінеді. Жүк тасушы арнайы автомобильдер болады: үлкен габаритті, сұйық, ұнтақ жүк тасушы (самосвалдар, цистерналы автомобильдер, фургондар және т.б.)
Жолаушылар автомобильдерінің жеңіл, яғни аз адам тасуға (8 адамға дейін) арналған және автобустар, яғни көп жолаушы тасуға арналған түрлері бар. Автобустардың қалалық, қалааралық, қала шетіне жүретін түрлері болады.
Арнайы автомобильдер – арнайы жұмыстарды орындауға арналған жүк автомобильдерінің бір түрі. Мысалы, автокрандар, өрт сөндіру автомобильдері, қоқыс тасушы, тазалаушы, жөндеу жұмыстарынан арналған машиналар мен автовышкалар.
Шасси типіне қарай автомобильдер рамалы, рамасыз болып бөлінеді. Рамалы автомобильдерде құрылымдық бөліктер мен механизмдер рамаға бекітілсе, рамасыздарда механизмдер кузовқа бекітіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |