87.Қазақстан Республикасының президенттік институты және қоғамды демократияландырудағы рөлі. 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл айтулы оқиғалар Қазақстанның мемлекеттігі мен егемендігінің нығаюында, сондай-ақ еліміздің табысты дамуында маңызды рөл атқарған президенттік институттың қалыптасуының бастамасы болды.
Басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру, оның содан кейінгі жаңғыртылуы, әлеуметтік және экономикалық дамудың түрлі кезеңінде мемлекет алдында тұрған міндеттер спектрінің өзгерістеріне бейімделуі – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың зор еңбегінің нәтижесі. Бұл үдерістің өзіндік ерекшелігі – оның Кеңестік саяси жүйенің өзінде басталып, кейіннен тәуелсіз Қазақстан жағдайында әбден пісіп-жетілуі. Тарих көрсеткендей, мемлекеттік билік қызметінің Кеңес Одағында және социалистік жүйе елдерінде қолданылған партиялық-мемлекеттік тетігі жаһандық экономикалық, әлеуметтік және саяси міндеттерді шешуге қабілетсіздігін байқатты әрі қоғамдық даму жолындағы кедергіге айналды. Сөйтіп 1990 жылдардың басына қарай республика өмірінде Компартияның басқарушы рөлінен айырылуы салдарынан билік жүйесінде вакуум пайда болғаны айқындала түсті. Бұрынғы билік институттары мен құрылымдары, кеңестік әкімшілік-командалық жүйенің сарқыншақтары қоғам құрылымының жаңа түрінің талаптарына сай бола алмады. Жоғары, атқарушы және заң шығарушы биліктің функцияларын бойына жинақтаған, Жоғарғы Кеңес бастап тұрған депутаттар кеңесінің архаикалық жүйесінің толыққанды басшылықты қамтамасыз етуге талпыныстары сәтсіз болып шықты. Әбден тығырыққа тіреліп, барынша тез және тиімді шешуді талап ететін түйткілдердің көптігінен туындаған әлеуметтік ширығыс шегіне жеткенін көрсеткен митингтер, ереуілдер, басқа да жаппай белсенді қарсылық көріністері сол жылдардың шынайы сипатына айналды
88.Саяси әлеуметтену,кезеңдері, түрлері, агенттері. Саяси әлеуметтану - арнайы ғылыми пән ретінде саясатты социологиялық құралдармен, яғни саясатты саяси өмір сипатын анықтаушы өзара қарым-қатынастағы субъектілер, институттар мен ережелер арқылы зерттейді. Саяси әлеуметтану жеке ғылым саласы ретінде ХХ ғ. 30-50 жж. қалыптасты. Бірақ оның пәндік саласы әлдеқайда ертеректе Платон, Аристотель сияқты көне грек ойшылдарымен, жаңа заман ойшылдары Н.Макиавелли, А.Токвильмен қалыптастырылған.
Саяси әлеуметтану шеңберінде саясат төрт аспектіде қарастырылады:
1) саяси дау-жанжалдар мен мемлекет аралық күресті зерттеу;
2) қоғам өміріндегі мемлекет орны мен рөлі, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен әлеуметтік топтардың қоғамға және оның жеке бөліктеріне қатынасын зерттеу;
3) саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстарды, олардың әлеуметтік құрылымын, динамикасын, ішкі дау-жанжалдарын талдау;
4) жеке түлғалардың саяси қатысуы мен саяси мінез-құлқын, соның ішінде сайлауда, саяси үміткерлер мен мәселелер бойынша дауыс беруін зерттеу.
Саяси әлеуметтану саясатты әлеуметтік құрылым, биресми әлеуметтік институттар, қоғамдық пікір, саяси мәдениет, саяси қатысу, саяси идеология көмегімен талдайды.