1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-БИЛЕТ.Абайдың дүниетанымдық көзқарастары: қарасөздері, өлеңдері арқылы талдау



бет22/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал

29-БИЛЕТ.Абайдың дүниетанымдық көзқарастары: қарасөздері, өлеңдері арқылы талдау
Абай құдай мен адамның қарым-қатынасын «Жиырма жетінші», «Жиырма сегізінші» сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.Абайдың ұғымынша құдай біріншіден жаратушы, табиғаттан тыс күш: «...жақсылық, жамандықты жаратқан - құдай, ләкин қылдырған құдай емес, ауруды жаратқан - құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес...». «Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың?!»Екіншіден, құдай - жазалаушы күш, адамгершілік заңымен өмір сүрмегендерді құдай атады, ант ұрады. Абайдың түсінігінде құдай жауыз, сұм, екіжүзді, арамтамақ адамдарды жазалаушы. «Отыз бесінші» сөзінде ол құдайды құлқынның құлы болған, халыққа зәбір көрсеткен, екіжүзді қажылар мен молдалардың «адамның сайтаны - монтаны сопылар» мен мейірімсіз мырзасымақтардың мақшарға барғанда зауалын тарттырушы ретінде суреттейді. Абай құдайды залымдардың жазалаушысы деп түсіндіріп, қарапайым деистік бағыт ұстағанымен, өмір сүрген заман тұрғысынан қарағанда дін иелеріне, оны дұрыс ұстай алмай отырғандарға сын көзбен қарағаны анық. Үшіншіден, құдай - махаббат пен әділдіктің ерекше көрінісі, адамды адалдыққа бастайтын қамқор да жебеуші күш. Мұнда Абай алланы дәріптеуді емес, құдайдың жақсы қасиеттерін адамның бойына сіңіруді мақсат етеді. Сондықтан да «құдай» деген ұғымды адам бойындағы асыл қасиеттер - адамгершілік, әділеттілік, шыңдық, тәрбие, махаббат сияқты мораль мәселелерімен байланыстырады, дінді адамгершілікке бағындырмақ болады:
«Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті...»
Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты - адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам - ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Тек осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі ғана нағыз адам. Абай ислам дінінің фанатизмін жоққа шығарады. «Он үшінші» сөзінде иман жөнінде екі түрлі түсінік бар екенін, иманның яқини және тақлиди деген екі түрі болатынын айтып, «иман» деген діни ұғымға ғылыми және моральдық мән, мазмұн беруге ұмтылады. Яқини иман - шын иман, шын нану, сену. Бұл иман ақылдан, дәлелден, ғылымнан туады. Бір нәрсеге сенгенде, «...соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып...» ақыл дәлелімен нану керек. Бұл иман білімге, ғылымға, ақыл дәлеліне негізделуге тиісті. Демек, Абайдың түсіндіруінше шын иман танымнан шығуы, тууы керек. Неге сенсең де, соның сырын, ішкі мәнін біліп сен, тіпті құдайға сенгенде де, оған ақыл дәлелі арқылы сенуге шақырады. Абайдың иманға беріп отырған бүл түсінігі - көптеген философтарға тән парасатты түсінік.
Тақлиди иман - еліктеуден шыққан иман, наным, сенім. Бұл иман ақылдан, ғылымнан, дәлелден тумаған, тек дін иелерінің айтқанына иланудан, соларға еліктеуден туған. Абай сөзімен айтқанда тақлиди иман - «...кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән...» болатын иман. Бұл иман - өзі ештемені білмей, еш нәрсе туралы ойламай, дін иелерінің сөзіне еріп, «ел қалай кешсе, мен де солай көштім» деген надандықтан шыққан соқыр сезім, үстірт наным. Абайдың аңғаруынша, дінге сенушілердің иман туралы ұғымы осы екінші түсінік, олар шын иманның не екенін білмейді, өйткені шын иман ғылымға, танымға байланысты, ал дінге сенушілердің «Яқини иманы бар деуге ғылымы жоқ...». Иманның осы екі түрін талдай келіп, Абай біріншіден, шын иман - таныммен барабар дегенді аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет