1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-БИЛЕТ.Абайдың сыншыл-сатиралық мазмұндағы шығармалары: өлеңдері, қарасөздері арқылы дәлелдеу



бет20/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал

27-БИЛЕТ.Абайдың сыншыл-сатиралық мазмұндағы шығармалары: өлеңдері, қарасөздері арқылы дәлелдеу
Абайдың алғашқы өлеңі қалай шықты?.. Бір күні түйелердің ішінде екі аттылы келе жатыр екен. Әйел мен оның ағасы болса керек. Жауыр ат жетектеген келіншек төркіндеп келіпті. Төркіні әлгі әйелге көңілі қалмасын деп жауыр ат мінгізе салған екен. Сондағы айтқан Абайдың ауызша өлеңі:
Кім екен деп келіп ем түйе қуған,
Қатын ғой күлдәрімен белін буған.
Төркініңнің бергені жауыр айғыр,
Бауырыңды ұрайын бірге туған.
Ақынның алғашқы өлеңі лирика ма – сатира. Міне, Абайдың бойындағы құндылық қайда жатыр».
Абайдың прогресшіл Россияның ықпалымен дүние тануы, өмірге тұрақты көзқарасының қалыптасуы оның көптеген сатиралық шығармалар жазып,сатирик ақынның дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік берді.Ақын өткір сөзі мен ащы тілін озбырлыққа,екіжүзділікке, опасыздық пен надандыққа, мылжыңдық пен жалғандыққа бағыттады.
Абай сатирасында саяси сарыннан гөрі моралистік сарын басым болды.
Абайдың көздегені-қазақ халқын ағарту, өнер-білімге қолын жеткізу, оны мәдениетті елге айналдыру жолы болды.Сондықтан ақын күрес ашқан қоғамдық кесепаттар-надандық,алауыздық,еріншектік,білімсіздік,ынсапсыздық,шенқұмарлық сияқты кемшіліктер болды.
Ең алғаш молданы сынап «Көзінен басқа ойы жоқ» өлеңін жазды.
Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі.
Малқұмар көңлі бек соқыр,
Бүркіттен кем бе жем жесі.
Алдымен надандық мұнда молданың өз басында екенін көреміз:
Жүректе айна жоқ болса,
Сөз болмайды өңгесі.
Тыңдағыш қанша көп болса,
Сөз ұғарлық кем кісі.
Абайдың ақындық жолы бір үзілістен тұратынын біз білеміз.Сол жылдары ақынның бізге шашырап жеткен үш-төрт мысқыл-әзіл өлеңдері бар.Олар: «Шәріпке» (1870 ж), «Абралыға» (1876 ж), «Жақсылыққа» (1880 ж), «Кең жайлау» (1880 ж). Бұлардың ішінде өзінің замандасы, өзі шешен, әзілқой Абралыға арнаған өлеңінде:
Қира әтін оқытып,
Көріп едім шатылды.
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді?- деп,намазды оқығанда қирағатын дұрыс оқи білмейтінін мысқылдайды.
Ақынның «Қартайдық,қайғы ойладық,ұйқы сергек» өлеңі1886 жылы жазылған. Өлеңде ел ортасына бүлік салып жүрген тынымсыз атқамінерлерді ең алғаш рет сынға алып, бөліп шығара бастайды:
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,
Адалдық, арамдықты кім меңгермек!
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттен қор боп өзіне сөз келтірмек.
Осы өлеңнің егіз сыңарындай жазылған «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» шығармасы болды. Алғашқы өлеңінде Абай болыстықтың өзі қорлық, иттікке апратын жол деп, одан қашу керек десе, мына өлеңінде атқамінер тобын айқын және ащы тілмен шенеп, әйгілеп көрсетеді:
Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,
Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын
Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір
Өз үйінде шертиген паңы құрсын,-
деумен атқамінер ортасын «жүзі күйгір» деп, жиренішті топ етіп көрсетеді.Осындай көріністі Абай «Қайран елім, қазағым…» өлеңінде «Бас басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?» деп шенеп өтеді.
1886 жылғы сыншылдық-қоғамшылдық өлеңдерінің қатарында «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ » өлеңі бар.Мұнда да өзі көрген кемшілікті, мінді мінездерді үлкен турашылдықпен қатты сынап, шенеп айтатын ақын көрінеді. Ендігі сынайтыны ел ішіндегі жалқаулар тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет