26-БИЛЕТ:Абай поэмаларының идеялық -көркемдік маңызы: әдеби талдау Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында дараланып тұрған Ұлы тұлға. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Ол – қазақтың бір жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.Ақын шығармалары осы күнгі бай, ұлттық әдебиетіміздің алтын діңгегін қадады. Ақын шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала – поэмалары.Абай поэмаларының саны – үшеу. Олар «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» – аяқталмаған поэма. Ақынның бұл үш поэмасының үшеуі де өзінің туып-өскен қазақ ортасын, олардың тұрмысын, болмысын суреттейтін шығарма емес. Үшеуі де шығыстық дастан-аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерден құралған. Көлемі аз, оқиға сюжеті шағын, Абайдың осы поэмаларының негізгі идеясы мен мақсаты ұстаздық тәрбиелік ойларға арналғанын байқаймыз. Ақын белгілі бір оқиғаларды суреттей отырып, шығарма соңында оқушысын анық бір тәрбиелі ойға жетелейді. Бірінші айтпағымыз «Масғұт» поэмасы.Масғұт — Абайдың 1887 ж. жазған дастаныДастанның сипаттамасы[Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан тұрады. Бұл поэма туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады.Ең әуелгі басты кейіпкердің аты – Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат қаласы. Заманы – Һарұн-Рашид халифтың тұсы Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ геройдың - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен сапалы адамгершіліктің қасиеттерін бітірмек болады. Бұл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі ұжданды адам Масғұт. " поэманың идеясында әйелді қоғамның ерлерге құрметі, оның әлеуметтік өмірдегі орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінеді. Абайдың осы поэмаларының негізгі идеясы мен мақсаты ұстаздық тәрбиелік ойларға арналғанын байқаймыз «Ескендір» поэмасы – Абай поэмасының ішіндегі ең елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатын шығармасы. Поэманың басты кейіпкері Ескендір – Шығыс елдеріне Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараса, Еуропаға Александр Македонский деген атпен тараған, белгілі қолбасшы жайлы аңыздар негізіне, жырларға кейіпкер болған патша. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған. Ә.Фирдауси «Шахнамасында», Низами – «Ескедір-нама» дастанында, Жәми – «Ескендірдің даналық кітабында» жазып, Ескендір образын ақылды, батыр деп ардақтап көрсеткен. Ал, Абай «Ескендір» дастанына ұстазы Аристотельді, Ескендірдің әкесі мен тұрған жерін, патшалығын қосып, өзінше жырлайды. Абайдың бұл шығармасы неміс романтикалық әдебиетінің көрнекті ақыны болған Альберт Фон Шамиссодан 1844 жылы аударған В.А. Жуковский түпнұсқасына ұқсас болып келеді.Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғағанЖанр түрі – поэма (дастан) Шумақ саны – 42 Тармақ саны – 168 Буын саны – 3 бунақты Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар. . Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу Әзім әңгімесі не үшін аяқталмағаны белгісіз. Алғаш рет 1933 жылы Абай шығармалары жинағына енген. Оған дейін қолда жүрген қолжазба, ескіріп, кейбір жері өшуге айналған. Сондықтан поэманың кейбір жолдарын Мұхтар Әуезов "Абайдың стилі емес" деп санайды: "Бұл поэманың өзегі "Мың бір түннің" бір тарауы – "Әлидің Әзімі" деген ұзақ ертегі болатын. Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың текстін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырысайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбада өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да "төлеу" салып, аламыштап жіберген сияқгы. Өйткені поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар. Поэманың соңында Әзім құз басындағы ұядан айдаһарды өлтіріп, жонынан кесіп алған терсінен арқан өріп, төменге түседі. Содан соң жәдігөй шал жолда кездестіріп, айналып өткен сәулелі үйге барады. Үйдегі екі қыз мұны өздеріне бауыр етеді. Үйді аралап көрсетіп: "Осындағы заттардың барлығы сенің иелігіңде, тек мына есікті ашпа!" дейді. Екі қыз жоқта Әзім есікті ашып көреді. Ішінде құйқылжыта сайраған әсем құстар мен мәуелі бақ бар екен. Поэма осы жерден бітеді.