1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде



бет25/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал
АБАЙ 25 ӨЛЕҢ
Сонымен қатар Абай эстетикасында Ар, Намыс, Ұят - ең негізгі ұғымдар. Бүл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық, адамгершіліктің этикалық категорияларын - өз шығармашылығының өзегі, түйіні, тамыры етеді. «Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер» деп, ар мен ұятты негіз етіп, өмірдің түбін ойлауға шақырады. Адамгершіліктің мәні жөнінде терең толғанған ақын өз ойын әлем кеңістігіне жүгіртіп, Ар, Ұят, Намыс деген ұғымдар адам езінің ары алдында жүгінген кезде түйсігімен түсінетін киелі ұғымдар екенін, әр адам өзіне-өзі жауапты екенін аңғарта айқындайды.
32-СҰРАҚ.Абай лирикасының көркемдік ерекшелігі: троп түрлері өлеңдері арқылы дәлелдеу
33-СҰРАҚ.Абайдың сыншыл реализмі: өлеңдері, қарасөздерімен дәлелдеу
Заманы мен ортасының кемшілік пен қайшылық міндерін
зор дауыспен әшкерелейтін ұстаз ақын тәрбиешілік тар-
тысқа белсеніп түседі.
Сол себепті бұрын қазақ сахарасында жырланып көр-
меген сөз сарындар туады. Осы жылдарда Абай анық қа-
лыптанған сыншыл реалист ақын болумен қатар, өзі суреттеп отыр-
ған ортада сан түрлі адамдардың ішкі сырын, мінез әрекеттерін де ірі шеберлікпен ашатын психолог ақын болады. Өз заманындағы әлеуметтік ауыртпалықтарға ем
іздеуші қайраткер туады.
Осы жайды Абайдың 1886 жылы тудырған көп өлеңінен де, кейінгі талай сөздерінен де тану оңай. Ақын сол еңбекші елді қанайтын топты: бай, болыс, би, молда және толып жатқан қу, пысық, старшын, елубасы, ақсақал, қарасақал жиынын атқамінер деп атайды да, барлығын
да ел денесіндегі паразиттер деп түсіндіреді.
Осы жайында Абайдың «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңі бар. Онда ел ортасына бүлік салып жүрген тынымсыз атқамінерлерді ең алғаш
рет сынға алып, бөліп шығара бастайды. Ел бұзарлар осылар деп әйгілемек болады.
...Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,
Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспак,
Өзімен-өзі бір күн болмай ма әлек?
Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,
Адалдық, арамдықты кім теңгермек!
Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,
Иттен қор боп, өзіне сөз келтірмек,
-деген жолдарда елдің ортасында «жақсымын», «жұрт аға.
сымын» деп жүргендерге ең алғаш сын сөздер айтады.
1886 жылдың сыншылдық, қоғамшылдық тақырыпқа арналған өлеңдерінің қатарында
деген бір өлең бар. Бұнда да өзі көрген кемшілікті, мінді мінездерді үлкен турашылдықпен
сынап, шенеп айтатын ақын көрінеді. Тек бұл өлеңде сынайтыны ащы мысқыл үлгісінде қатты мінеп сөйлейтіні алғашқы көп өлеңдердегі болыстар, атқамінерлер, канаушылар тобы емес, ел ішіндегі еңбексіз өмір кешетін жалқаулар болады.
...Осындай сидан жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келедi олақ.
Олардың жоқ ойында малын бақпақ,
Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ, –
дегенде, ақын кімді сынап, сөгіп отырғанын танытады.
1886 жылдың әлеуметтік тақырыбына жазылған үлкен толғаулы көп көркем өлеңдердің қатарында Абайдың жанағы айтылған әлеуметтік сыншыл реалистік ойдың жандана
бастаған кезі еді. Мысалы, «Байлар жүр» деген өлеңде
және кейін шығатын 22- қара сөзінде Абай қанаушы таптың ішінен, бұзық болыс, арамза атқамінерлер тобының арасынан кейбір байларды бөліп шығаратыны бар.
Жаңагы аталган жиырма екінші сөзде Абай корсеткен
қайшылық бірен-саран жерде ұшырасқан қайшылыққа жалғасады . Ел билеуші адамдардың
адамгершіліктен тыс мінездерін сынап, әшкерелеп келе
отырып, көп байдың сорақылық, зиянды, қомағайлық, қанау-
шылық мінез-құлықтарын көп шығармаларында ашып,
әшкерелеп келген Абайдың «еңбек байы» дерлік байы қо-
ғам ішінде болмайтындығын айыра алмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет