1-СҰРАҚ. Абайдың өскен ортасы,алған білімі: діни,қоғамдық-саяси шығармалары арқылы дәлелде


-СҰРАҚ.Абайдың өлеңге қойылатын эстетикалық талабы: тақырыптық өлеңдері арқылы талдау



бет24/39
Дата03.06.2022
өлшемі129,29 Kb.
#145883
түріӨмірбаяны
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Әмренов Финал

31-СҰРАҚ.Абайдың өлеңге қойылатын эстетикалық талабы: тақырыптық өлеңдері арқылы талдау
Данышпан ақынның. этикалық мұраты оның эстетикалық мұратымен тығыз байланысты. Абай түсінігіндегі адамды адамгершілік жағынан жетілдіру эстетикалык, және этикалықтың бірлігі, ал ол белгілі дәрежеде эстетикалық құндылыққа ие. Жан-жақты дамыған -әмбебап тұлғаға айна.лу жолын ол өнер, сөз, поэзия ар­кады эстетикалық тәрбие беруден, адамдарға нақтылы өмірде ғажайып күшке ие сөз құдыретімен әсер етуден болады деп білген.
Абай әдеміліктің ұлттық түсінігі мен түбірінен жаңа эстетикалық принципін ұсынып, оны былай деп тұжырымдайды:
...Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Абай нақтылы шындықты әсемдіктің түлғасы ретінде ұғынады. Оның эстетикалық көзқарасында қазақтың қоғамдық ой-санасындағы сұлулықты, әсемдікті жаңаша ұлттық тусінуге, қоғамдык өмірдегі өнердің орнын терең білуге ұмтылғандьғқ байқалады
Абайдың жанына жақын идеяларының бірі — адамды табиғатпен жақындастыру мәселесі, яки табиғат пен адам, табиғат пен махаббат, табиғат пен өнер сынды жайлар — ақынның поэзиясындағы сүйікті тақырыптары. Әрине, Абай шығармашылығында тікелей табиғатты сипаттайтын шығармалар көлемі жағынан онша көп емес, бірақ, кетерген мәселесі тұрғысынан алғанда назар аударарлық. Өйткені, бұл мәселені көтерғен шығармаларда тек жылдың төрт мезгілі сипатталып қана 'қоймайды, күллі табиғат жырға бөленеді, тұтас алғанда ақынның адам туралы философиялық түсінігі ;жан-жақты ашылады.  Демек, Абай адам­ды. кісілік қалыпқа жеткізіп, қалыптастыратын қоғам, уақыт, дәуір талабы екенін жақсы білген. Сондықтан да: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені, көп болғаң а дам білімді болады», — деп ой түйеді.
Абай күллі дүние ылғи өзгереді, дамиды деп білген. Ақының «Қартайдык,, қайғы ойладық, үйқы сергек» деп аталатын өлеңінен бастап, жиырмасыншы, отыз жетін-ші, отыз сегізінші қара сездерімен, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп келетін толғаныс-жырында және тағы да бірсыпыра шығармаларында диалектика идея-сы бой көрсеткен. Бүл туындыларында Абай жаратушыдан басқаның бәрі бұл жалғанда дамиды, өзгеріске ұшырайды, ал қоғам ұрпақтардың үнемі жаңарып отыратын мекені деп біледі.
Абайдың өзіне дейінгі ақындардан бір ерекшелігі, өзіне биік талап қоя отырып, адам мен табиғатты, адам мен жан-жануарды, адамның ішкі рухани мазмұны мен сыртқы пішінін салыстыра отырып суреттейді. Абай эстетикасының тереңдігі мен құндылығы оның шығармашылық принциптерінің әлеум. айқын бағдарымен тығыз байланысты. Оны ақын өлеңдерінен байқау қиын емес. Абай гуманист ақын ретінде адамның әсемдігін «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ, қайтып келіп, ойнап-күлмес...» - деп, бәрінен жоғары санайды. Табиғат ретінде адам өледі, «өлсем, орным қара жер сыз болмай ма...» , ал адам ретінде ол өлмейді, өйткені өлмейтұғын артына сөз қалдырады. Адамның табиғаттан артықшылығы - оның талабы, ақыл-ойы және білімі бар. Адамның басты ғаламаты -ол ойлай алады, сөйлейді. Абай өз өлендерінде бүл жайында да айтқан.
Абайдың филосиялық, эстетикалық көзқарасында ерекше көңіл аударатын мәнді ұғым «өмір» мен «өлім» арасындағы мәңгі қайшылықты түсіну, түсіндіру, «Өлім деген не?», «Өмір деген не?», «Не өледі, не өлмейді?» деген сауалдарға ақын өз шығармаларында тиянақты жауап береді. «Өлім»деген ұғым туралы Абайдың ой толғамы, «Дәл уақыты жеткенде, Талайдың гүлі қурайды. Рәсулді алған бұл өлім, Кімнен жөнді сұрайды?» - деп, өлімнің мейірімсіздігін кесіп айтады. Әр адам өзінің бүгінгісі мен ертеңгісінің арақатынасын үнемі ойлап отыруының қажеттігін аңғарта келіп, ақын:
«Адамзат - бүгін адам, ертең - топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ» деп, өз замандастарын «өмір« мен «өлімнің» арасын түсінуге шақырады. Адамгершілік тұрғысынан алып қарағанда, «өлім деген не?», «өмір деген не?», «не өледі», «не өлмейді? деген сауалға да ойшыл ақын өзінше жауап береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет