48-СҰРАҚ.Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі қазақ өмірінің көрінісі: лирикалары арқылы дәлелде: Жалпы Абайдың табиғат лирикасы қызықты да аясы кең лирикалардың бірі болып табылады. Лирикаларының ішінде осы табиғат лирикасы халық өмірінің ерекше кезеңдеріне арналады. Соның ішінде көшпелі ауылдың тіршілігін суреттеген «Күз» және «Қараша , желтоқсанмен сол бір екі ай» дейтін екі өлеңі. Бұл өлеңдер көркемдік жағынан да , өмір шындығы мен мазмұн жағынан да , әсіресе , ақын барынша батыл шыншылдықпен ашып берген қоғамдық, тірлік, халықтық идеясы жағынанда бұрын Абай жазған табиғат турасындағы өлеңдердің барлығынанда биік өрлеп,өзгеше сапа табады. Бұнда көшпелі елдің күзгі тіршілігі жүдеген табиғаттың көрініс, өзгерістерімен де көп танытады.Ақын аса қонымды реалистік пейзаж таныта отырып, адам топтарының өмір болмысында мықтап қамтиды. «КҮЗ» өлеңінде жүдеулігі, күйсіздігі аса ауыр сорлылыққа жеткен кедей ауылды бейнелейді. Сол ауылдың адамы ғана емес, итіне шейін даланы кезіп, безіп кеткенін айту арқылы Абай көшпелі тіршілікке дәл осы өлең тұсында көшпелі ауыл тіршілігін дәл суреттейді. Онсызда жәйі жүдеу , кедей ауылға көшпелі өмір анық азап, қатал жаза секілді аталады. Бұл жақта барынша жанын салып,бейнет кешіп жүрген, арылмас еңбек иесі кедейдің де әйелі қинауға түсетінін екінші өлеңінде «ҚАРАША ЖЕЛТОҚСАНМЕН СОЛ БІР ЕКІ АЙ» деген өлеңінде әсіресе айқындап ашып береді. Бұған дейін Абай жазған «ЖАЗ» бен «ҚЫС» өлеңдерінде реалистік пейзаждың шыншыл қалпын бере отырса да, адам мен табиғатты ұдайы араластыра алып жүрсе де, біз ақын шығармашылығында қоғамдық қайшылықты жетерлік дәрежеде онша аша алмады. Ал бұл өлеңінде Абай ауылдық өмірмен қатар халықтың қайреткерлеріне ауысады. Бұндағы ауыл – анық айқын таптық жікке бөлініп отырған ауыл. Оның бір шеті- кедейлерді, малшыларды қатал , қастандықпен қанап отырған бай үйлері; ал ауылдың екінші шеті- өңшең жыртық лашық ішінде қайыршылық күн кешкен кедей, жалшы үйлері.
Осы үйдің үлкендері мен балаларына шейін ақынның көзіне түседі. Араларындағы бітімсіз қайшылықтармен суреттеледі. Байдың қатыны өзінің кішкене баласына шейін «кедей балаларына асыңды берме» деп сараңдыққа баулып , азғырып отырғанын көріп ақын:
...Ол да өзіңдей ит болсын азғыр-тазғыр! –
деп қатты ызалы жүрекпен жазғырады. Абайдың сан сатирасы өзгеше батыл, турашылдық пен еңбекші көпшілікті қанап жүрген жауыз топты аямай әшкерелеген болса , мынау өлеңдерінде халықтың салт-санасын, тұрмыс тіршілігін суреттейді.
Ақын жылдың әр маусымын суреттеуде көп қырлы сыр танытады. Сонда, күз өлеңімен салыстырғанда «Жазғытұрының» бірталай айырмасы бар. Тегінде, көктем мал баққан щаруа халқына қызықты , көтеріңкі кез. Ақын да қыстай малдың күтімімен шұғылданып, шал-кемпір жас кәрінің жадырап , қуанғанына да бірге қуанып көңілденеді.