1. Стилистиканың пайда болу тарихы және оның ғылым ретінде қалыптасуы


Синонимия (гр. synonymia - аттас, мәндес) — тіл бірліктерінің мағыналары толық немесе жартылай сәйкес келетін семантикалық қатынастардың түрі. Синонимия



бет3/5
Дата25.12.2023
өлшемі69,12 Kb.
#199271
1   2   3   4   5
Байланысты:
стилистика сессия
12082 kaz 20061225 20220404, 22АӨК МиМ силлабус
Синонимия (гр. synonymia - аттас, мәндес) — тіл бірліктерінің мағыналары толық немесе жартылай сәйкес келетін семантикалық қатынастардың түрі. Синонимия тілдің лексикалық фразеологиялық, грамматикалық, сөзжасамдық жүйесіне тән. Синонимияшындық өмірдегі қасиеттерді бейнелейтін, эр түрлі типтегі тілдердің қай-қайсысында болсын болатын құбылыс.
11. Функциональдық стиль және экспрессивті-эмоционалдық стиль. Олардың арақатынасы 
Функционалдық стильдер – белгілі бір елеулі әлеуметтік салада адамдардың қоғамдық-сөйлеу тәжірибесі нәтижесінде қалыптасқан әдеби тілдің түрі. Функционалдық стильдің тууы тілдің қызметімен, атап айтқанда, оның қарым-қатынас жасаудағы, бір нәрсе жайында хабарлаудағы және адамдардың санасына ықпал етудегі қызметімен және осы қызметтің үнемі кеңейіп отыруымен байланысты.Функционалды стильдер тілден тысқары (экстралингвистикалық) жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады. Стиль құрайтын тілдік құралдар екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тілдің стилистикалық парадигматикасын құрай тын тілдік құралдар (стилистикалық бояуға ие құралдар, стилис тикалық синонимдер мен варианттар) кіреді. Екіншісіне функционалды-тілдік құралдар жатады, яғни әр стиль түрінде басым қол данылатын тілдік құралдар болады. Тіліміздегі сан алуан стильдік мәні бар, сезімге түрлі әсері бар сөздерді эмоционалды-экспрессивті сөздер дейміз. Эмоционалды-экспрессивті сөздер адам сезімін білдіруге, мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді. Мысалы, қала, бала деген сөздермен салыстырғанда, шаһар, бүлдіршін, бөбек деген сөздердің бейнелілігі, әсерлілігі анық байқалады.
«Эмоционалдық сөздер мен экспрессивті сөздердің арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Тілдегі эмоционалдық элементтер адам сезімін білдірсе, экспрессивтік амалдар эмоцияны, ерікті ойды білдіруде де мәнерлілікті, бейнелілікті күшейтуге қызмет етеді». 
Эмоционалды сөздер өз мағынасына қосымша адамның көңіл-күйін, көқарасын, жақсы көру, жек көру, жақтырмау, таңырқау, сенімсіздік т.б. сияқты қатынасын білдіре алады. Олар ойдың әсерлілігін арттыруда үлкен роль атқарады. Эмоционалды-экспрессивті сөздер көбінесе көркем әдебиет стилі мен сөйлеу стилінде, көсемсөз стилінде жұмсалады. Ғылыми және ресми-іскери стильде сирек қолданылады. 
12.  Функциональдық стильдерді жіктеуге қатысты әр түрлі ғылыми көзқарастар 
13. Ауызекі тұрмыстық стильдің жанрлары. Хат және күнделік 
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІ Ауызекі сөйлеу стилі – қарым-қатынас жасау нәтижесінде қалыптасатын, диалогке құрылған, өте кең тараған функционалдық стильдің бір түрі. Қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша орын алатын стильдің бұл түрінің өзіне ғана тән фонетикалық, лекси калық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері бар. Ауызекі сөйлеу стилі күнделікті өмір салтындағы коммуникациялық бай ла ныс барысында қолданылып, стильдің басқа түрлеріне қарағанда ешбір шарттылықсыз, басым еркіндікке ие болады. Оларға бейресмилік сипат тән. Ауызекі сөйлеу стилі негізінен диалогқа құрылып, сөйлеуші өз эмоциясын білдіру үшін қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді емін-еркін қолдана алады. Сөйлеушінің сөйлеу мәдениетінің деңгейіне байланысты стилдің бұл түрінде диалекті, жаргон, арго сөздер мен варваризмдер қолданыла береді. Мәселен, сөйлеуші субьект «Көп сөйлемей, тыныш отыр» деген сөйлемді «мыл жыңдамай, тыныш отыр», «оттамай тыныш отыр» не болмаса «былшылдамай, тыныш отыр» деп айтуы мүмкін. Қарастырылып отырған стильде жоғарыдағы сөйлемнің қай түрін болмасын қолдануға жол беріледі. Аталған сөйлемдердің жалпы мағынасы бір болғанымен эмоционалды-экспрессивті реңктері әртүрлі бо лып келеді. Ауызекі сөйлеу тілінде бара жатырмын – бара жа тырық, келемін – келем, айтып отыр – айтывотыр, деп жатыр – дева тыр сияқты морфонологиялық құбылыстарға да жол беріледі. Функционалды стильдің басқа түрлерімен салыстырғанда ауызекі сөйлеу стилінде тілдік қарым-қатынасқа түсушілер бір-біріне ойын алдын ала дайындықсыз жеткізіп, хабарлы сөйлеммен бірге сұраулы, лепті сөйлемдерді де жиі қолданады
Хат деп белгілі субъектінің екінші біреуге, бірлестікке, қоғамға, мекемеге арнап жазған жеке туындысын айтамыз.
Хaт жазу барысында нақты тұрақталған үлгісі болмаса да, белгілі бір жазу мәнері бар. Хат бірінші жақтан баяндалады. Нақтылы адресант( хатты жазушы) пен адресаттың ( хат жолдаушы) болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет