2 тақырып.
Орта мектепте өзін-өзі тануды оқытудың мақсаттары.
«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан
Республикасы жалпы орта
білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін
құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану
білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін
байытуы және өзіндік қайталанбас жеке
даралығын пайымдауы арқылы
табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған
мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің
оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне
бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік
беретін
өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға
көмектеседі.
Мектепте өзін-өзі тануды оқыту төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады:
- адамның өзіндік бейімділіктерін
ашу және оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып,
оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі
әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
- оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл
адамзатқа деген қарым-
қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
- қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді
шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына
мынадай жалпы мақсаттар қояды:
- өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
- түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
-
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді,
қамқор болу;
- өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы
болу;
-
жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
- өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және
оған жауапты болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
«Өзін-өзі тану»
пәнін
оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш,
негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), ҚР
Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығына сәйкес
жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану»
оқу
пәнін оқытуға аптасына 1
сағаттан,
оқу жылында 34 сағат бөлiнген. «Өзін-өзі тану» пәнін бастауыш сыныптарда
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық
курстарынан өткен бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді.
1-4 сыныптарда
Достарыңызбен бөлісу: