І. Үндіеуропа тілдері семьясы. Бұған туыстас тілдердің төменгі топтары енеді:
1. Индия тобы. Бұл топқа енетін тілдер: бенгал тілі (Үндістан мен Пакістанда), пенджаб тілі (Индия мен Пакистанда), синдх тілі (Үндістан мен Пакістанда), сингаль тілі (Шри-Ланкада), непал тілі (Непалда), урду тілі (Пакістанда), хинди тілі (Үндістанда), цыған тілі.
2. Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: парсы тілі (Иран), пушту тілі (Ауғанстан), тәжік тілі, курд тілі (Түркия, Иран, Ирак, Азерб.), осетин тілі т.б.
3. Славян тобы. Бұл топ, жоғарыда айттық, өз ішінде тағы үш топқа бөлінеді: а) Шығыс славян тілдері (орыс, украин, белорус), ә) Оңтүстік славян тілдері (болгар, македон, серб, хорват, словен), б) Батыс славян тілдері (чех, словак, поляк).
4. Балтық тобы: литва, латыш тілдері (өлі тіл – прус тілі).
5. Герман тобы. Бұлар іштей үш топқа бөлінеді: а) Солтүстік герман (скандинав) тілдері: дат, швед, норвеж, исланд; ә) Батыс герман тілдері: ағыл., нидерланд, неміс, голланд, идиш; б) Шығыс герман тілдері: гот, вестгот, остгот.
6. Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз, итальян, испан, португаль, румын, молдаван тілдері (өлі тіл – латын тілі).
7. Кельт тобы: ирланд, шотланд (өлі тіл – галль).
8. Грек тобы: грек тілі.
9. Албан тобы: албан тілі.
10. Армын тобы: армян тілі.
ІІ. Семит-Хамит (афразия>афро-азият) тілдері семьясы:
1. Семит тобы: араб, иврит тілі – көне еврей тілі, бервер-ливия тілі, кушит, чад, финик, моавит тілдері.
2. Египед тобы: көне египет тілі – копт тілі.
ІІІ. Кавказ (иберия-кавказ) тілдері семьясы. Бұларға жататын тілдер: грузин, абхаз, адыгей, кабардин, черкес, шешен, ингуш, дағыстан, авар, лезгин.
ІҮ. Фин-угор (угро-фин) тілдері семьясы. Бұлар екі топқа бөлінеді:
1. Угор тобы: венгер тілі, манси (вогуль) тілі, ханти (остя) тілі; соңғы екеуі Ресей Федерациясында.
2. Фин тобы: фин, веп, вод, ижор, карель, эстон, коми-зырян, коми-перм, удмурт (вотя), марий, саам, мордва (эрзя, мокша) тілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |