Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе көп буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейміз.
Демек сөздерді буын жігімен ғана тасымалдау керек. Тасымалдауға болмайтын жағдайлар мына төмендегідей:
Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды. Мысалы, ат, ән, ант, өрт сияқты буындардың жігін ажыратуға болмайды;
Бітеу буындарды да бөліп – жаруға болмайды. Қысқасы, буын құрамындағы дыбыстарды бір –бірінен ажыратуға болмайды;
Бас әріптен қысқарған сөздерді де бөліп тасымалдауға болмайды. ҚР, РТС дегендегі Қ-ны немесе Р-ді сол жолға қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды;
Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әрпін фамилиядан айырып, сол жолға қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды. Мысалы, А.С.Пушкин, А.Құнанбаев дегендегі А.С. және А. әріптерін фамилиядан ажыратуға болмайды;
15га, 25см сияқты цифр арқылы таңбалатын сандарды оларға қатысты атауларынан бөліп тасымалдауға болмайды.
Сонымен бірге электр, станция,ансамбль, вольт сияқты буын қурай алмайтын дауыссыздар тіркесін де сол жолда қалдыруға немесе екінші жолға көшіруге болмайды.
1. Төмендегі сөздерді бір бағанаға буынға бөліп, бір бағанаға тасымалдап жаз.
Көбелек, бұлбұл, қарсақ, түлкі, әсем, киім, Отан, қызғалдақ, орын, айна, күз, ыдыс, білім, әке, бауыр, қоғам, инелік, терезе, оқушы, еңбек, жайық, аяқ, әрекет, таңғажайып, таңертең, алақан, қолшатыр, демалыс, балмұздақ.
Қандай айырмашылық байқадың себебін түсіндір.
11.Екпін
Бірнеше буынды сөздердің бір буыны қалған буындардан күшті айтылып, айқынырақ естіледі. Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап, саралап, дәлелдеп тұрады.
Екпін - сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөлшектерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады.
Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен,соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.
Ой екпін і -сойлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сойлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы:
Айбек ерте тұрады..
Айбек ерте тұрады.
Айбек ерте тұрады.
Ой екпіні түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.
Тіркес екпіні – бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбіне күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке – шеше, әдет - ғұрып т.б
Дыбыс екпіні – сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: По – ой – па – ай, та – ма – ша – а! Дыбыс екпіні көңіл күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.
12.Фонетикалық талдау.
Қазақ тілінен жүргізілетін жұмыстардың ішінде граматикалық талдауға біршама ұқсас, онымен жанаса жүргізілетін жұмыстардың бірі – фонетикалық талдау. Фонетикалық талдау граматикалық талдау емес, сондықтан оны фонетикалық талдау деп өз атымен атаған жөн.
Дауысты дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
а - жуан, ашық, езулік дауысты;
ә - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
ө - жіңішке, ашық, еріндік дауысты;
е - жіңішке, ашық, езулік дауысты;
ұ – жуан, қысаң, еріндік дауысты;
ү - жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
ы - жуан, қысаң, езулік дауысты;
і - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
у - жуан, қысаң, еріндік дауысты;
и - жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
э – ашық, езулік дауысты; (орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі).
Дауыссыз дыбыстарға арналған фонетикалық талдаудың үлгісі:
б – ұяң дауыссыз;
в - ұяң дауыссыз;
ғ - ұяң дауыссыз;
д - ұяң дауыссыз;
ж - ұяң дауыссыз;
з - ұяң дауыссыз;
й – үнді дауыссыз;
к – қатаң дауыссыз;
л – үнді дауыссыз;
м - үнді дауыссыз;
н - үнді дауыссыз;
ң - үнді дауыссыз;
п - қатаң дауыссыз;
р - үнді дауыссыз;
с - қатаң дауыссыз;
т - қатаң дауыссыз;
у - үнді дауыссыз;
ф - қатаң дауыссыз;
х - қатаң дауыссыз;
ц - қатаң дауыссыз;
ш - қатаң дауыссыз;
щ - қатаң дауыссыз (орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, бірді – екілі қазақ сөздерінде ұшырайды. Ащы, тұщы)
Мысалы, мына сөйлемдерге фонетикалық талдау жасап көрейік:
Ең алдымен сөйлемнен дауысты дыбыстарды тауып, астын бір сызады, содан кейін дауыссыздарын тауып, астын екі сызу керек. Осыдан соң оларды бір дыбыс екі қайталанбайтын етіп, жеке – жеке тізіп жазамыз:
Оның шығармасы үздік деп табылды.
Оның о – ашық буын, ның – бітеу буын
о – жуан, ашық, еріндік дауысты;
н – үнді дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ң – үнді дауыссыз;
4 әріп, 4 дыбыс бар.
шығармасы шы – ашық буын, ғар – бітеу буын, ма - ашық буын, сы - ашық буын.
ш – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
ғ – ұяң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
р – үнді дауыссыз;
м – үнді дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
с – қатаң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
9 әріп, 9 дыбыс бар.
үздік, үз – тұйық буын, дік – бітеу буын.
ү – жіңішке, қысаң, еріндік дауысты;
з – ұяң дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
і – жіңішке, қысаң, езулік дауысты;
к – қатаң дауыссыз;
5 әріп, 5 дыбыс бар.
деп, деп – бітеу буын.
д – ұяң дауыссыз;
е – жіңішке, ашық, езулік дауысты;
п – қатаң дауыссыз;
3 әріп, 3 дыбыс бар.
табылды. та – ашық буын, был – бітеу буын, ды – ашық буын
т – қатаң дауыссыз;
а – жуан, ашық, езулік дауысты;
б – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
л – үнді дауыссыз;
д – ұяң дауыссыз;
ы – жуан, қысаң, езулік дауысты;
7 әріп, 7 дыбыс бар.
Достарыңызбен бөлісу: |