№1 зертханалық ЖҰмыс циклді қосылыстар және олардың туындыларын синтездеу сабақтың мақсаты



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата29.04.2024
өлшемі1,54 Mb.
#201530
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
лаб.ЦҚОХ-АБ-2

 
№7
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС 
ТОТЫҒУ РЕАКЦИЯЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕТІН СИНТЕЗДЕР 
п-Бензохинон 
 
 Реактивтер:
 
Гидрохинон – 4 г; натрий дихроматы – 14 г; күкірт қышқылы (

1,84 г/см
3
) – 5 
г (2,7 мл); бензол – 40 мл; калий хлориді (сусыз). 
 
Құрал-жабдықтар:
 
көлемі 250 мл конусты колба; көлемі 100 мл бөңес түпті колба, бөлгіш 
воронка, термометр, сулы жылытқыш, сулы салқындатқыш; кері салқындатқыш; Вюрц колбасы. 
 
Жұмыс барысы:
Көлемі 250 мл конусты колбаға 4г гидрохинонды 100 мл суда 50
о
С-та 
ерітеді, 2,7 мл концентрлі күкірт қышқылын тамшылатып қосады. Қоспаны суытып, 
температураны 20
о
С-тан асырмай 7 мл судағы 14 г натрий дихроматының ерітіндісін қосады. 
Бастапқы кезде хингидронның қою-жасыл тұнбасы түзіледі (п-бензохинон мен гидрохинонның 
комплексті эквимолекулярлы қосылысы). Натрий дихроматын одан әрі қоса берсе тұнба сарғыш 
жасыл түске боялады. Алынған қоспаны 10
о
С-қа дейін салқындатып, п-бензохинон тұнбасын сүзіп 
алады және суық сумен жуады.


Сулы фильтраттан өнімді бензолмен екі рет (20 мл) бөліп алады. Бензол шығымын кері 
салқындатқышпен жалғанған дөңес түпті колбаға құйып, оған алдында сүзіп алынған тұнбаны 
қосады да 
п-
бензохинон толық ерігенше сулы жылытқышта қыздырады. Жылы ерітіндіні 
(қайнамаған) сусыз кальций хлоридімен араластырып, сұйықтық мөлдір болғанша қайнатады. 
Ерітіндіні Вюрц колбасында кальций хлоридінен сүзіп, сулы жылытқышта бензолды ерітіндінің 
көлемі екі есе азайғанша айдайды. Қалған қоспаны мұзды сумен салқындатқанда п-бензохинон 
кристалдары түзіледі, оны сүзіп ауада кептіреді. 
Шығымы – 3,1 г (теориялық шығымның 80

-ы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет