№1 Зертханалық жұмыс Жұмыстың тақырыбы



бет3/30
Дата18.02.2018
өлшемі14,41 Mb.
#37990
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Жұмыстың тақырыбы: Windows XP операциялық жүйесі
Жұмыстың мақсаты:

1. WINDOWS XP операциялық жүйесінің негізгі нысаналарымен танысу;

2. WINDOWS XP операциялық жүйесін баптауды меңгеру;

3. WINDOWS XP операциялық жүйесінің стандартты қосымшаларымен жұмыс істеуді меңгеру.



Жұмыстың мазмұны:

Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өндеу жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады.Ол пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады, мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады және т.б. Адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің оңай да тартымды болуының маңызы зор. Қатынас жасау тәсілі – пайдаланушымен сұхбатты ұйымдастыруға арналған бағдарламалық ортаның сыртқы көрінісі тілдесу деп те аталады.Дербес компьютерде тілдесудің әмірлік және терезелік екі түрін көруге болады.

Операциялық жүйе  кез  келген  компьютердің   ең  қажетті   құрамдас  бөлігі   және  ол  компьютерді  басқаруға,  ақпаратты  сақтауға,  оған  қосылған  барлық  құрылғылардың жұмысын  ұйымдастыруға арналған программалардың  жиыны  болып  табылады. Операциялық  жүйе  адам  мен  компьютер  арасындағы   өзара  байланысты  қамтамассыз  етеді.

Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер былай бөлінеді:



  • бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

  • бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын.

Бір міндетті операциялық жүйе қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануына, яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көп міндетті операциялық жүйе бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам пайдаланатын операциялық жүйе компьютерде тек бір ғана адамның мұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын операциялық жүйеде бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әрбір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек жеке өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады.

ОЖ-лер компьютермен бірге дамып, жылдан-жылға қолдануға қолайлы болып жетіліп келеді.

WINDOWS операциялық  жүйесіндегі  жаңа  нұсқасының  атауындағы  ХР  әріптері   eX Perience  деген  ағылшын  сөзінің  бөлігі  болып  табылады,  ол “ өмір  тәжірибесі ”, “білім”  дегенді  білдіреді. WINDOWS сөзінің  өзі  терезе  деген  мағынаны  береді.



1-тапсырма. Дербес компьютердің құрылғылары туралы мәлімет алыңыз және қандай операциялық жүйе орнатылғанын анықтаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Жұмыс үстелінде Менің компьютерім (Мой компьютер) таңбашасын шертіп, тінтуірдің оң жақ батымасын басыңыз, пайда болған тізімнен Қасиет (Свойства) бөлімін таңдап алынса келесі терезе ашылады:

3.1-сурет. Жүйе қасиеті


3.1-суретте компьютерге орналасқан операциялық жүйе туралы толық ақпарат бар. Енді компьютер құрылғылары туралы мағлұмат алу үшін осы Жүйе қасиеті (Свойства Системы) терезесінің жоғарғы жағынан Құрылғылар (Оборудование) бөлімінен Құрылғыларды ретеуші (Диспетчер устройств) таңдасақ келесі терезеде құрылғылар туралы толық ақпарат шығады:

3.2-сурет. Құрылғыларды реттеуші


Ашылған терезеде құрылғыдар туралы толық ақпарат бар. Егер құрылғы атының сол жағындағы «+» белгішесін тінтуір көмегімен шертсе, құрылғы қасиеттері туралы ақпаратты толығымен алуға болады.

2-тапсырма. Компьютердегі «Инф» сөзінен басталатын файлдарды табу керек.

Әдістемелік нұсқау: Пуск-Поиск әрекетін орындау қажет. Төмендегідей терезе ашылады:

3.3-cурет. Іздеу терезесі


Іздеу шарты «Инф»-тан басталатын файлдар, сондықтан терезенің сол жағындағы жолға «Инф*» мәтінін енгізіп, «Найти» батырмасы басылса іздеген файлдардың тізімі шығады:

3.4-cурет. Іздеу нәтижесі

3.4-cуретте терезенің сол жағында ізделген файлдар тізімі көрсетілген.


Каталог: uploads -> doc -> 05e6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05e6 -> Сабақтың тақырыбы: «Аққала» Сабақтың мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенін түсіндіру
05e6 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Кітапхана сөзіне топтастыру. Жаңа сабақ
05e6 -> Мемлекеттік рәміздер Мемлекеттiк Туы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет