10 дәріс Аксонометриялық проекциялар туралы түсінік



бет1/5
Дата03.04.2020
өлшемі330 Kb.
#61485
  1   2   3   4   5
Байланысты:
10 дәріс Аксонометриялық

10 дәріс Аксонометриялық проекциялар туралы түсінік
Параллель проекциялаудың нәтижесінде аксонометриялық проекциялар, бұрмалану көрсеткіштері, позициялық және метрикалық есептер, бір сөзбен айтқанда, аксонометрияның теориясы сызба геометрия курсында қарастырылды. Біз тек аксонометрияның негізгі теоремасы болатын К.Польке (1810-1876) теоремасын еске түсіре кетейік: «Бір жазықтықта жататын және бір нүктеден бір-біріне қалауымызша алынған бұрыштар жасап тарайтын, кез келген ұзындықтағы үш кесінді тікбұрышты координаттар өстеріне бас нүктеден бастап салынған өзара тең кесінділердің параллель проекциясы бола алады». Осы теоремадан шығатын қорытынды: аксонометриялық проекциялар шексіз көп. Тәжірибені жинақтау нәтижесінде жасалған МЕСТ 2.317-69 онда көрсетілген аксонометриялық кескіндердің бес түрін пайдалануды ұсынады. Олар: тікбұрышты изометрия мен диметрия;қиғашбұрышты фронталь диметрия; қиғашбұрышты фронталь және горизонталь изометрия. Инженерлер іс жүзінде тікбұрышты аксонометриялық проекциялауды, атап айтқанда, тікбұрышты изометрия мен тікбұрышты диметрияны көбірек қолданады. Сондықтан тікбұрышты аксонометриялық проекцияларды салуды қарастырамыз. Бірақ мұнда қарастырылған әдістемені кез келген аксонометриялық кескінді салуда да пайдалануға болатынын ескертеміз.

Аксонометриялық кескіндерді салудың негізінде координаттар әдісі жатыр. Сондықтан нүктенің аксонометриясын оның координаттары бойынша координаттық сынық сызықты тұрғызу жолымен анықтайды. Сызықтың аксонометриясы осы сызық нүктелерінің аксонометриялық проекциялары арқылы жүргізіледі. Кез келген кеңістік фигурасы осы фигураны анықтайтын нүктелер мен сызықтардың шектелген жиынынан тұрады. Кеңістік фигурасының аксонометриялық проекциясын салу үшін оны қозғалмайтын Оxyz натурал координаттар жүйесімен байланыстырады. Содан кейін осы кеңістік фигурасын аңықтайтын ерекше нүктелердің тандап алынған натурал координаттар жүйесіндегі координаттары анықталады. Аксонометриялық өстер жүргізіледі, кескінің масштабы тағайындалады және фигураның ерекше нүктелерінің аксонометриясын сала бастайды. Нүктелердің салынған аксонометриялық кескіндерін сәйкес түрде қосу арқылы берілген кеңістік фигурасының аксонометриялық проекциясын алады.





  1. Тікбұрышты изометрия





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет