10 жалпы білім беретін орта мектебі кмм «Келісемін» «Бекітемін»



бет1/23
Дата06.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#75639
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

10 жалпы білім беретін орта мектебі КММ


«Келісемін» «Бекітемін»
....................................... ............................ Мектеп директорының ғылыми Мектеп директоры:
жұмыстар жөнінен орынбасары: Т.Т.Нүркішева





Бірлестік жетекшісі: Калиякбарова Ж.Ж.


2015-16 оқу жылы
ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ
Барлық мамандық мұғалімі

  1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251-III Еңбек кодексі, ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 2009 жылғы 13 шiлдедегi "Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" № 338 бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" № 319 заңы, жарғысы мен Ішкі еңбек тәртібі ережелері және жергілікті нормативтік актілер негізінде жасалды.


1.2. Барлық мамандықтар мұғалімі директоры тарапынан кәсіподақ комитетінің уәжді пікірлерін ескере отырып қабылданады және босатылады.
1.3. Мұғалімнің кезекті еңбек демалысында және уақытша еңбекке жарамсыз жағдайда жүрген кездерінде оның міндеттері осы мамандықтағы өзге мұғалімге жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару директорының ҚР Еңбек кодексі талаптарын сақтай отырып шығарған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
1.4. Барлық мамандықтар мұғалімінің орта/жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіби білімі мен біліктілік деңгейіне сәйкес педагогикалық жұмыс стажы болуы тиіс.
1.5. Барлық мамандықтар мұғалімі тікелей директордың орынбасарына бағынады.
1.6. Барлық мамандықтар мұғаліміне зертханашы (егер мұғалім кабинет меңгерушісі міндетін атқаратын болса) және оқушылар бағынады.
1.7. Білуге тиісті:
– ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке және отбасы туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулер туралы", "Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдарын және басқа да бiлiм беру ісін дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi;
– пән сабағын өту, тәрбие жұмыстарының әдістемелерін;
– оқу кабинеттері мен қосалқы орын-жайларды жарақтандыру мен жабдықтандыруға қойылатын талаптарды;
– оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін;
– білім беру ісі мен педагогика ғылымын дамытудың негізгі бағыттарын және перспективаларын;
– құқық және еңбекті ғылыми ұйымдастыру, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын;
– педагогиканы, педагогикалық психологияны;
– педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін;
– экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды;
– еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын;
– санитарлық ережелер мен нормаларды.
1.8. Барлық мамандықтар мұғалімі компьютерлерді және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, Internet желілерін тиімді пайдалана білуі тиіс.
1.9. ҚР Білім беру министрлігінің 2002 жылғы 27 тамыздағы "Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйелері педагогика қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларыә туралы № 629 бұйрығына сәйкес мұғалім еңбекке ақы төлеу разряды бойынша біліктілікке қойылатын бірыңғай талаптарға сай болуы тиіс.


2. Функциялары
Мұғалім қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

2.1. Оқушыларды жас ерекшеліктері мен берілетін пән ерекшеліктерін ескере, олардың құқықтары мен еркіндігін сақтай отырып оқыту және тәрбиелеу.


2.2. Оқушылардың әлеуметтенуіне, олардың бойында саналы түрде таңдап алған жалпы мәдениеттің қалыптасуына және кәсіби білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ету.
2.3. Оқу процесінде еңбекті қорғау нормалары мен ережелерінің және қауіпсіздік техникасының сақталу режимін қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет