Педагогикалық практика есебі бойынша титулдық парақтың үлгісі



бет1/28
Дата20.12.2021
өлшемі94,53 Kb.
#103820
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
отчет
интелектуалдық тұлғалық тестілеукітапгасы, интелектуалдық тұлғалық тестілеукітапгасы, Робототехника қауіпсіздік ережесі, Робототехника қауіпсіздік ережесі, Графикалык дизайн Ворлдскилз, нәтижені талдау, Педагогикалық әдіс, 3. Сан аралықтар. Нұсқа 1.pptx [Автосохраненный], БЖБ ІІІ тоқсан, Симметриялы фигуралар, Симметриялы фигуралар, қайталау, матем 24.05, Сан аралықтары ашық сабақ

Педагогикалық практика есебі бойынша

титулдық парақтың үлгісі

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Педагогикалық практика бойынша

ЕСЕП


беру бағдарламасы

_____________________

(баға)

ҚББ жетекшісі

____________________Т.А.Ә.

(қолы, күні)


Практика жетекшісі

_________________Т.А.Ә.



(қолы, күні)
Практикант

_________________Т.А.Ә.



(қолы, күні)

Қарағанды 2020


Мазмұн


Кіріспе




1

Педагогикалық іс-тәжірибенің жеке жұмыс жоспары




2

КБ және П кафедрасының сипаттамасы




3

Қатысқан сабақтар мен кураторлық сағат талдауы

3.1 Қатысқан сабақтар кестесі

3.2 Кураторлық сағат құрылымын бақылау және талдау

3.3 Дәріс сабағына қатысу парағы

3.4 Дәріс сабағына талдау

3.5 Практикалық сабаққа қатысу парағы

3.6 Практикалық сабаққа толық талдау

3.7 Оқытушының сабақтағы қызметіне экспресс талдау






4

Өткізілген сабақтар кестесі

4.1 Дәріс сабақтарының толық дайындамалары

4.2 Практикалық сабақтардың толық дайындамалары

4.3 Кураторлық сағаттың толық дайындамасы






5

Өзара сабаққа қатысу шеңберінде сабақтардың және кураторлық сағаттың қатысу парақтары

5.1 Дәріс сабағына қатысу параға

5.2 Практикалық сабаққа қатысу парағы

5.3 Кураторлық сағатқа қатысу парағы






6

Рефлексивті талдау

6.1 «Практикант өзі және өзінің жұмысы жайлы» бағалау мектебі

6.2 Жеке сипаттамаларды бағалау парағы





Қорытынды



Кіріспе


Магистрдің ғылыми-педагогикалық дәрежесі терең ғылыми-педагогикалық дайындыққа ие жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми-зерттеу секторы жүйелері үшін жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламаларын іске асырады. Магистрант осы бағдарлама аясында негізгі дайындықтан өтеді,сол арқылы оған ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысуға, соның ішінде жоғары оқу орындарында сабақ беруге құқық береді. Магистрант оқу кезінде теориялық курсты меңгереді, кәсіби практикадан өтеді және магистрлік диссертациялық зерттеуді орындайды.

Оқу жоспарының құрамдас бөлігі және жоғары сыныпты мамандарды даярлау бойынша маңызды шарттардың бірі педагогикалық тәжірибе болып табылады. Магистранттар педагогикалық практикадан өту кезінде білім беру процесінде қолданылатын оқыту әдістері, тәсілдері, формалары, тәсілдері мен тәрбие құралдарын қолдана отырып, бекітілген топтарға сабақ жүргізеді.

Педагогикалық тәжірибенің мақсаты – білім алушыларға ЖОО-дағы кәсіби педагогикалық қызметтің нақты шарттарымен, педагогикалық тапсырмалардың көлемімен және сипатымен, нағыз педагогикалық қызметтегі оқытушыларға қойылатын талаптарға сәйкес таныстыру, оларды ЖОО-дағы оқыту және тәрбиелеу жұмыстарына дайындау болып табылады.

Педагогикалық тәжірибенің негізгі міндеттері: ЖОО-да оқытушы функцияларын атқару үшін, кәсіби білім, білік және дағды жүйесін қалыптастыру; психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша теориялық білімді тереңдету және қорыту; оқу-тәрбие жұмысында әртүрлі нысандар мен әдістерді меңгеру; оқыту және тәрбиелеуге арналған басым міндеттерді, педагогикалық технологияларды таңдау қабілеттерін дамыту; студенттердің танымдық қызметтерін жандандырудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін меңгеру; студенттік ұжымды басқару және студентпен жеке жұмыс істеу формасын меңгеру; білім алу процесін және оның әртүрлі аспектілерін (жекелеген студенттердің және студенттік ұжымдардың сыныптық және сыныптан тыс іс-әрекеттері, және оқытушылардың педагогикалық қызметі) талдай білу; академиялық топтардағы кураторлардың қызметтерімен, формаларымен және студенттердің тәрбие жұмысының әдістерімен танысу.

Магистранттың педагогикалық тәжірибесі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында «Кәсіптік білім беру және педагогика» кафедрасында кафедра оқытушыларының сабақтарына қатысу, оқытудың қолданыстағы әдістемелерін зерделеу, оқу-әдістемелік материалдарды дайындау, бакалавриат студенттерінің дәрістік, практикалық сабақтарын өткізу, сабақ беретін курстарға байланысты және практика бойынша есеп дайындауға қажетті әдеби материалдарды зерделеу түрінде өтті. Оқу жоспарына сәйкес педагогикалық тәжірибе 2020 жылдың 27-ші қаңтардан 8-ші мамыр аралығында 2 семестрде, 1 оқу жылында жүргізілді.

1 Педагогикалық іс-тәжірибенің жеке жұмыс жоспары


КОМ-19-1 тобының магистранты Біләлова Ж.С. педагогикалық тәжірибедегі жеке жоспары


Жұмыстың негізгі бағыттары

Қызметтің мазмұны (практиканттың өткізетін іс-шаралары)

Өткізудің күнтізбелік мерзімі

Орындалуы туралы белгілеу

Оқу

КБ және П кафедрасының мұғалімдерімен бірге күнтізбелік жоспарға сәйкес сабақ кестесін анықтау

27.01.2020 – 29.01.2020






Оқытушылардың сабақтарын қатысу және талдау



30.01.2020 – 05.02.2020







КО-19-1, БӘД-19-1,2, БӘД-17-1 топтарында дәріс, практикалық сабақтарын өткізу

03.02.2020 – 08.05.2020







Тәрбиелік

Студенттердің тәрбиесін зерттеу, топтағы психологиялық микроклиматты талдау







Студенттермен танысу, студенттер мен оқытушылардың арасындағы қарым-қатынас сипатын зерттеу







Практикант сабақ өткізетін топтармен танысу







Әдістемелік

Әдістемелік әдебиетті таңдау










Кітапханада қажетті әдебиеттерді таңдау: әдістемелер мен оқулықтар, кестелер мен диаграммалар. Дәріс пен зертханалық сабақтардың конспектілерін әзірлеу










Тірек конспектілерін, дәріс-слайдтарын құрастыру







2 КО және П кафедрасына сипаттама


01.08.2012 жылдың № 661 Ректордың бұйрығымен «Кәсіптік оқыту» (КО) кафедрасы құрылды.

Кафедраның техникалық университетте құрылу себебі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде инженерлі-педагогикалық профильді білікті кадрлардың қажеттілігінен туындап отыр. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жоғары дәрежелі техникалық жабдықтармен, сонымен қатар біліктіліктері жоғары инженерлі мамандармен қамтамасыз етілген.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамымен білім беру процесіне оқу-әдістемелік нұсқаулар, сонымен қатар автоматтандырылған оқыту бағдарламалары мен электронды оқыту ресурстары енгізілді.

Кафедра негізінде кәсіптік білім беру мәселелері ғылыми-зерттеу институты ашылды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті базасында Халықаралық инженерлі педагогика қоғамы аясындағы (IGIP) Еуропалық оқытушыларды даярлау Қазақстандық орталығында біліктілікті арттыру курсын өтеді және «инженерлі жоо Еуропалық оқытушысы» лауазымына ие болады.

Кафедрада Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы педагогикалық жұмыскерлердің кәсіби құзыреттілігін және біліктіліктерін арттыру мақсатында, ТжәнеКББ жүйесі үшін техникалық және инженерлі-педагогикалық кадрларды даярлау мен қайта даярлау аймақаралық орталығы қызмет етуде.

Жоспарлануда:


  • Аймақаралық орталықтың негізінде кәсіптік мектеп, лицей және колледждердің оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстары өткізіледі.

  • Ресей кәсіби-педагогикалық университетімен (Екатеринбург қ.) шығармашылық ынтымақтастық туралы келісім-шартқа отыру;

  • «Лицей – колледж – ЖОО – магистратура – докторантура» үздіксіз оқыту траекториясын жасау;

  • Мектеп, гимназия, колледж, кәсіптік лицей және Қарағанды облыстық білім Департаменті базасында кафедра филиалдарын ұйымдастыру;

  • «Жастарға кәсіптік бағдар беру» автоматтандырылған бағдарламаны кәсіптік бағыт-бағдар беру жүйесіне енгізу.

3 Қатысқан сабақтар мен кураторлық сағат талдауы
3.1 Қатысқан сабақтар кестесі


Сабақ түрі

Тақырыбы

Өткізу күні

Кураторлық сағат

Нанотехнологиялар: әлемдік даму бағыттары. Наноматериалдың 6-технологиялық құрылыстың дамуындағы ролі.

28.01.2020

15:00-15:50



Дәріс сабағы

Тәрбие – мәдени-тарихи феномен. Тәрбиенің мағынасы мен мәні, ерекшеліктері

30.01.2020

1055-1240




Практикалық сабақ

Педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымдары.

03.02.2020

1310-1455




3.2 Кураторлық сағат құрылымын бақылау және талдау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет