Оқушылардың республикалық олимпиадасы
І тур
11-сынып
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен олимпиаданың 1-кезеңінде
берілген
эссе тақырыптары:
1. Қ. Мырза- Әлінің «Қызыл кітап» поэмасындағы тұжырымды ойлар
(ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз)
2. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ұлттық өнеге (ойыңызды
нақты
дәлелдермен талдап жазыңыз)
3. Ахмет Байтұрсынұлы – ғалым-реформатор (ойыңызды нақты
дәлелдермен талдап жазыңыз)
Эссені бағалау критерийлері:
1.
Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой
байланысы,
мазмұндаудың жүйелілігі – 10 ұпай;
2. Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу,
өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 ұпай;
3. Ұсынылған тезистердің сауатты
дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі
көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми
мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы –
10 ұпай;
4. Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау
тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал
туындауына ықпал ету, пікірдің шынайылығы – 10 ұпай;
5. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық,
фразеологиялық, грамматикалық
және
стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің
сақталуы– 10 ұпай.
Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай.