11-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен олимпиаданың 1-кезеңінде берілген эссе тақырыптары: Қ. Мырза- Әлінің «Қызыл кітап» поэмасындағы тұжырымды ойлар (ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз) «Абай жолы»



Pdf көрінісі
Дата18.05.2022
өлшемі324,19 Kb.
#143813
түріПоэма
Байланысты:
kz11 1 sol



Оқушылардың республикалық олимпиадасы 
І тур 
11-сынып 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен олимпиаданың 1-кезеңінде берілген 
эссе тақырыптары: 
1. Қ. Мырза- Әлінің «Қызыл кітап» поэмасындағы тұжырымды ойлар 
(ойыңызды нақты дәлелдермен талдап жазыңыз)
2. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ұлттық өнеге (ойыңызды нақты 
дәлелдермен талдап жазыңыз)
3. Ахмет Байтұрсынұлы – ғалым-реформатор (ойыңызды нақты 
дәлелдермен талдап жазыңыз)
Эссені бағалау критерийлері:
1. Эссе тақырыбының сәйкестігі, мағыналық тұтастық, ой байланысы
мазмұндаудың жүйелілігі – 10 ұпай;
2. Мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу, 
өзіндік тұжырымдардың берілуі – 10 ұпай;
3. Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі 
көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми 
мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 
10 ұпай;
4. Ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау 
тәсілдерін қолдана алу қабілеті, ойлау ерекшелігі, күтпеген пікір немесе сауал 
туындауына ықпал ету, пікірдің шынайылығы – 10 ұпай;
5. Мәтінде қазақ тілінің лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық 
және стилистикалық нормалары, орфография мен пунктуация ережелерінің 
сақталуы– 10 ұпай.
Жазба жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50 ұпай. 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет