11 сынып оқушыларын қорытынды аттестатуға психологиялық дайындыққа жүргізілген жұмыстарға анықтама


Қазақстан тарихы, пән мұғалімі Е.Усманов



бет15/74
Дата02.04.2024
өлшемі411,99 Kb.
#200459
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Байланысты:
анықтама жинағы (1)

Қазақстан тарихы, пән мұғалімі Е.Усманов
Тақырыбы: Солтүстік пен шығыстың мал шаруашылығы
Мұғалім өткен білімді еске түсіруде оқушыларға сұрақтар қоя отырып, картамен жұмыс жасады, өткен тақырыпты сыныптың 50 пайызы түсінгендігі көрінді. Сабақтың мақсаты, күтілетін нәтижесі айтылмады. Балалар ауызша жауап беруге дағдыланған, айтылым дағдысы қалыптасқан. Әр оқушының жауабына жеке көңіл бөледі, оқушылармен қарым-қатынасы жақсы, оқушыларды тыңдайды. Тақырыпты мұғалім ұзақ түсіндіреді, формативті бағалау жүргізілді, 6 оқушы бағаланды.

Тарих сабағына қатысу барысында төмендегідей кемшіліктер анықталды:



  1. Сабақтың мақсатына көңіл бөлу, мақсатқа сай тапсырмалар құрастыру

  2. Балалар хормен жауап береді

  3. Сабақта белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану



Қазақ тілі пәні, пән мұғалімі А.Мырзабаева
Өткен білімді еске түсіруде оқушылар сұрақтарға жауап бере алмады, ережені білмеді. Жаңа сабақ барысында тапсырмаларды орындауда оқушылар қызығушылық танытқанымен, тапсырманы толық орындай алмады. Мұғалім сабақтың мақсатына тоқталмады, мақсатқа сай тапсырмалар берілмеді. Сабақта соңында формативті бағалау нақты жүргізілмеді. Лексикалық тапсырмаларды орындағанымен, тілдік бағдар бойынша тапсырмалар орындауға көңіл бөлінбейді. Сабаққа қатысқан оқушылар: Құрманғали Н, Саяхмет А, Мұқамет М, Мадияр А
Жіберілген кемшіліктер:

  1. Сынып оқушыларының үй тапсырмасына дайындалмауы

  2. Сабақтың мақсаты айтылмады, мақсатқа сай тапсырмалар берілмеді

  3. Формативті бағалау нақты жүргізілмеді

  4. Сынып оқушыларының тыңдалым, оқылым дағдысы қалыптаспаған

  5. Тілдік бағдар бойынша тапсырмаларға көңіл бөлу

Психолог А.Құсайынова
Оқушылардың оқу мотивациясы төмен. Сабақ оқуға құлшыныстары аз. Оқушылар өздеріне қажетті пәндерді таңдап оқиды. Болашақта қажет емес деген есептеген пәндерін оқымайды екен. Үй тапсырмаларына толық дайын болмай келеді.
Мектеп бойынша бейімделу сатысында тұрған орта және жоғарғы /5/9/11 сыныптардан аталған сауалнама анонимді түрде алынды.
Сауаланама 5 сұрақты құрады. Жауаптарының қорытындысы бойынша: оқушылардан алу керек болған міндет
⁃ шаршауы бар
Агрессиясы бар
⁃ Ынта- жігері төмен
⁃ Физиологиясында ауытқулары бар
⁃ Көңіл- күйінде үнемі қиындықтар бар оқушылар
анықталмады. Аталған сыныптарды диагностикалау сауалнамадан бөлек, сабаққа қатысу арқылы анықталды. Осы сауаланама арқылы аталған оқушыларға “Оқушының психологиялық- диагностикалық картасы” құрылып жеке іс- қағаздарына салынды. Картада оқушының психикалық процестері және ондағы көрсеткіштері анықталған.


Ұсыныс:
- Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыруда пән мұғалімдерінің оқытудың белсенді тәсілдерді сабаққа енгізу, тиімді ресурстарды пайдалану
- Сабақтың мақсатына сай тапсырмалар дайындау
- Формативті бағалауды нақты жүргізу
- Үй тапсырмасын орындауын қадағалау
- Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар жүргізу
- Ата-аналардың сабаққа қатысу кестесін құру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет