Бағыныштылар билігінің жүзеге асуына әсер ететін факторларды қорыта келіп Д. Меканик былай дейді: «Бір адам басқа бір адамға қаншалықты тәуелді болса, соншалықты сол адамның билігіне бағынуға мәжбүр болады». Басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі тиіс. Себебі ұйымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты.
2. Ықпал ету және билік формалары. Марапаттауға негізделген билік. Оң, дұрыс ықпалды нығайту арқылы әсер ету. Заңды билік. Дәстүр арқылы әсер ету. Эталондық билік (үлгі билігі). Харизма арқылы ықпал ету. Сараптау билігі.