Файли, Хаус және Керр басқару мен басшы қызметкер арасындағы айырмашылықты көрсетті.
Басқару - бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене үрдісі, ал лидерлік болса, керісінше, бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету үрдісі, деп атап көрсеткен.
Басқарушы ұйымның басшылығына алдын-ала қарастырылған ресми әрекет-өкілеттіліктерді беру арқылы келеді. Лидер болса, ресми емес әрекеттердің нәтижесінде, өз еңбегімен, өз абыройымен жетеді.
Лидерлік, жетекші қызметкерлік – бұл ұйымның мақсаттарына жету жолына бағыттау арқылы жекелеген адамдармен топтарға ықпал және әсер ете білу қабілеті.
Әсер, ықпал, және билік.
Ықпал- жеке бір адамның, келесі бір адамның мінезіне, басқалармен қарымқатынасына, сезіміне өзгеріс еңгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде: өтініш, құлаққа сыбырлау немесе ең соңғы саты - қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал етуі мүмкін. Басшы өзінің лидерлігімен ықпал әсерін тиімді әсер ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.