12. Білек аймағының топографиялық анатомиясы (алдыңғы және артқы аймақтар). Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы. Пироговтың талшықты кеңістігі. Білектің алдыңғы аймағы Шекарасы


Табанның артқы бөлігінің топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы



бет12/37
Дата12.09.2022
өлшемі3,62 Mb.
#149296
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
12. Білек айма ыны топографиялы анатомиясы (алды ы ж не арт ы

23. Табанның артқы бөлігінің топографиялық анатомиясы. Қанмен қамтамасыз етілуі және иннервациясы.
Терісі жұқа. Тері астындағы шелді май аз. V. saphena magna және v. parva- ның веналық торлары бар. Tеріні nn. peroneus superficialis, suralis, saphenus, peroneus pro- fundus тармақтары нервтейді. Меншікті фасция астында бармақтардың ұзын жазғыштары, қысқа жазғыштарының сіңірлері және а. dorsalis pedis бағаны (алдыңғы үлкен жіліншік артериясының жалғасы) өтеді. Меншікті шандыр жіліншік фасциясының жалғасы. Ол сіңірлер мен қантамыр - нервтерге қынап түзейді. Бармақтардың ұзын жазғыштарының әрбір сіңірі өз қынабында жазғыштар сіңірлерінің төменгі бекітушісінің (retinaculum culorum inferius) астынан өтеді: алдыңғы үлкен жіліншік бұлшықетінің сіңірі медиалды сына тәрізді сүйекке және табан сүйегіне бекиді; яыдәт басқа сіңірлер бармақтардың бунақтарына барады. Екінші қабатта m. extensorium digitorum brevis және m. extensor hal lucis brevis жатады. Аяқ ұшы үстінің қантамыр-нерв шоғыры a. dorsalis pedis, n. ре- roneus profundus-тан тұрады. Артерия үлкен бақайдың ұзын жаз- ғышы сіңірінің сыртынан өтеді. Артерияның серпіні аяқ артерияларындағы қан жүру қабілетін көрсетеді. N. peroneus profundus әр уақытта артериядан медиалды орналасқан.. A. dorsalis pedis бармақтардың қысқа жазғыштары астында доға тәрізді артерия (а. arcuata) береді. Одан үстіңгі табан сүйектері және үстіңгі бармақ артериялары тарайды.
24. Төменгі бөлімнің тамырлы-жүйке түзілімдерінің проекциялық сызықтары.
Ішпердеден тыс ашу үшін (Н. И. Пирогов бойынша), пупарт байламынан 2 см жоғары, байламға параллел- ді ұзындығы 12 - 15 см-дей жүргізілген сызық бойы. Артерияның проекциясы: кіндік пен шап байламының ортасын қосатын сызықтың ортасы.
Сан артериясы (a. femoralis)
Аяқты сыртқа ротация жасап, тізе және жамбас буынында сәл бүгіп, мықынның алдыңғы-жоғарғы төмпегі мен симфизді қосатын сызықтың ортасын санның медиалды айдаршығымен қосатын сызық бойы (Кэн сызығы)
Тізе асты артериясы (а. poplitea)
Тақым ортасынан вертикалды жүргізілген сызық бойы v. saphena-parvae-ны зақымдамау үшін, кесуді сәл қапталынан жүргізеді.
Үлкен жіліншіктің алдыңғы артериясы (a. tibialis anterior)
Кіші жіліншіктің басы мен үлкен жіліншіктің түбер- шігінің (tuberositas tibia) ортасын тобықтардың ортасымен қосатын сызық бойы.
Үлкен жіліншіктің артқы артериясы (а. tibialis posterior)
Жоғарыда - үлкен жіліншіктің медиалды қырынан 1 см артта жатқан нүктеден, төменде ішкі тобық пен ахилл сіңірінің ортасына бағытталған сызық бойы.
Шонданай нерві (n.ischiadicus)
Шонданай төмпегі мен үлкен ұршықты қосатын анзан сызықтың ортасын (дәлірек - оның медиалды және ортанғы бөлігі арасын) тақым шұңқыры ортасымен қосатын сызық бойы.
Үлкен жілішік нерві (п. tibialis)
Жоғарыда - os tibia-ның медиалды қырынан 1 см л артындағы нүктені медиалды тобықпен, ахилл сіңірінің ортасын қосатын сызық.
Терең кіші жіліншік нерві (n. peroneus profundus)
Tuberositas tibia мен кіші жіліншік басы арасын екі тобық арасымен қосатын сызық.
Сан нерві (п. femoralis)
Сан артериясының проекциясынан (Кэн сызығы) 2 - 3 см сыртқары жүргізілген сызық бойымен 10 - 12 см-дей ұзындықта. Етікшілер бұлшықетінің haq выра939/1 медиалды қыры.
Жапқыш нерві (n. obturatorius)
Кэн сызығынан медиалды, шап байламынан 10 - 12 см төмен, сан қантамырларынан ішкері жерде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет