Холерик (ыстыққанды) Мінез ерекшеліктері



бет1/4
Дата03.02.2023
өлшемі25,17 Kb.
#167314
  1   2   3   4
Байланысты:
Темперамент типтеріне ұсыныс
1 ә сынып. тізім, Шиликты и Бесшатыр, Баспалдақ әдістемесі, Дарынды балалармен жұмыс (1), комплекс сандарға амал

Холерик (ыстыққанды)


Мінез ерекшеліктері: Бұл темперамент өкілі шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Өте ашушаң, шамданғыш және күйгелек болып келеді. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Өзгелер арасында басшылық жасауға құмар, өзін жоғары санайды. Олар әсерлі, мәнерлі сөйлейді, сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығады.


Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, құбылмалы, шамданғыш болып келеді. Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.


Жағымды жақтары: Энергиялы, белсенділік, құштарлық, қайсарлылық.


Жағымсыз жақтары: Ұстамсыздығы, қаталдық, шамдану, ыза.


Сабақта өзін қалай ұстайды: Холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші жастағы оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.


Жұмыс жасауға ұсыныстар:

  1. Холерик балаларға мүлдем агрессия көрсетуге болмайды. Егер көтеріңкі дауыспен сөйлесеңіз, қарсыласып, айқайлап жауап беруі мүмкін. Сондықтан бұл балалармен өзіңізді сабырлы ұстау қажет және тыныштанғанын күткеніңіз абзал.

  2. Балаға шамадан тыс қамқорлық көрсетуге болмайды. Олар көп нәрсені қалағаны соншалық, қол жеткізбей тынбауға тырысады. Ол үшін түрлі эмоцияларын көрсетеді. Сондықтан балаға «жоқ» деген сөзді айтпай нақты қалауыңызға қарай келісімге келуге тырысу қажет.

  3. Холерикпен жұмыс жасағанда байқау керек, ескертпелердің орнына қателіктерін түзейтін тапсырмалар берген жөн. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек.

  4. Ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру, тыныш ұзақ жұмыс жасауға үйрету. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет