Холерик (ыстыққанды) Мінез ерекшеліктері



бет2/4
Дата03.02.2023
өлшемі25,17 Kb.
#167314
1   2   3   4
Байланысты:
Темперамент типтеріне ұсыныс

Флегматик (суыққанды)


Мінез ерекшеліктері: Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, өте сақ, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Жұртқа жақсылық тілейтін сенімді, тұрақты. Даусы екпінді, баяу келеді, аптықпай жай сөйлейді. Флегматикті ашуландыру өте қиын, ол ұрыс-керістен аулақ жүреді.


Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді.


Жағымды жақтары: сабырлылық, төзімділік, табандылық, істі аяғына дейін жеткізушілік, ұқыптылық.


Жағымсыз жақтары: әлсіздік, жалқаулық, жайбасарлық.


Сабақта өзін қалай ұстайды: Флегматик оқушы барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос, ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.


Жұмыс жасауға ұсыныстар:

  1. Баланың жай қимылына дауыс көтеріп ұрсуға болмайды. Дауыс көтеру мен қорқыту бұл балалардың қимылын одан сайын баяулататынын білгеніңіз жөн. Сондықтан балаға тапсырманы айтып қоя салмай, баламен бірге жасап өзіңіз үлгі болуыңыз қажет.

  2. Баланы елеусіз қалдыруға мүлдем болмайды. Баламен үнемі белсенді байланыста болу қажет. Онымен өзара әңгімелесіп, сыныптағы балалармен араласуын қамтамасыз еткеніңіз жөн.

  3. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты орнатуға болады. Олармен үнемі белсенді байланыста болу керек, мадақтап, түрлі жұмыстарға тартқан жөн.

  4. Белсенділіктерін арттыру, жайбарақаттыққа салынбай тез жұмыс істеуге үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет