17 тақырып «Жануар текті өнімдердің маңызы» Сүт және сүт өнімдері



бет9/9
Дата26.02.2023
өлшемі180,5 Kb.
#170247
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
17-18 тақырып

Саңырауқұлақтар
Адамның тамақтануында саңырауқұлақтар өзiнiң маңызы бойынша дәмдiк азық-түлiктерге жатады. Саңырауқұлақта дәмдiк қасиет беретiн шырсөлдiк және хош иiстi заттектер көп мөлшерде кездеседi. Олар асқазан бездерiнiң секреторлық функциясын қоздырады. Сөл айдау әсерi жағынан саңырауқұлақ сорпасы көкөнiс сорпасынан асып түседi және ет сорпасынан қалыспайды.
Саңырауқұлақтар химиялық құрамы жағынан көкөнiстерге жақын болғанымен, жануар өнiмдерiне (амин қышқылының құрамы бойынша) ұқсас келедi. Саңырауқұлақ құрамындағы майлар өте жақсы қорытылады. Оның қорытылуы жануар майларының қорытылуына ұқсас болады. Майдың құрамы организмге қажеттi компонент – фосфолипидтiң бiр түрi-лецитиннiң болуымен сипатталады. Одан басқа, саңырауқұлақта холестерин, провитамин, қанықпаған май қышқылдары болады.
Саңырауқұлақ құрамында күрделi көмiрсу- гликоген, жай көмiрсулар- глюкоза мен микоза және инулин, декстрин, маннит сияқты қантты спирттер болады. Барлық көмiрсулар жеңiл сiңiрiледі.
Саңырауқұлақтар В1, В2, РР, С және басқа да витаминдерге бай. Саңырауқұлақтар никотин қышқылының, тиаминнiң, рибофлавиннiң және пантотен қышқылының көзi болып табылады.
Саңырауқұлақ құрамындағы минералдық элементтер құрамы көптеген ерекшелiктермен сипатталады. Ең бiрiншi, оның құрамында фосфордың мөлшерi жоғары (көкөнiстегiден 3 есе артық) екенiн айтқан жөн. Екiншiден, микроэлементтер- мырыш және мыстың мөлшерi де бiр сатыға жоғары болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, жеміс-көкөністерді күнделікті 300-500 г көлемінде тұтыну қажет. Қазіргі заманауи елдерді жайлаған жұқпалы емес созылмалы аурулардың (семіздік, қант диабеті, остеопороз, жүрек қан-тамыр) алдын алуда тиімділігі жоғары. Әрбір ас қабылдау кезінде не тамақ қабылдағанға дейін ашығуды басу үшін, асбасарлық ретінде неғұрлым жеміс пен көкөністерге таңдау жасасаңыз, денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізеді. Сондықтан мерзімді жеміс пен көкөністерді көбірек тұтыну маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет