Семинар сабағЫ. ҚАзіргі әдебиет жанрларының типологиясы. Орындаған: А. Нұрақбай Әдеби жанрларды жіктеу принциптері



бет1/5
Дата18.09.2023
өлшемі27,89 Kb.
#181424
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Нұрақбаева Айгүл
Мереке БОӨЖ2, Ішкі ауру сессия СТОМ 1-ші вариант дұрыс, Пропедевтика по Дыхательной системе Методичка, Әйел жамбас астауының анатомиясы, Template of report for IWST#5 (1) (1), 1930 РЕСП.Сист точный (1), искандаров сарвар 102 б, апел фило, Гринхальх,2019, МӨЖ 1 Нуракбаева, С.Ақжол аускультация, -Ing жалғанбайтын сөздер, 8 Капиллярлы вискозиметр көмегімен биологиялық сұйықтың тұтқырлығын анықтау, vse testy biostatistika po urovnyam rezidenty

8 СЕМИНАР САБАҒЫ. ҚАЗІРГІ ӘДЕБИЕТ ЖАНРЛАРЫНЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ.


Орындаған: А. Нұрақбай


Әдеби жанрларды жіктеу принциптері

Әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі – жанр мәселесі. Жанрда нақты бір тарихи кезеңнің бейнесі көрініс табады. Әдеби жанрлардың бай тарихи дәстүрі бар, себебі «поэзия өнері» туралы ғылым – поэтиканың өзі «поэзия тектерін», жанрлар (эпопея, трагедия) мен олардың түрлерін (Аристотель) талдаудан басталған еді.


Әдебиет дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі жанрлардың өзіндік сипаты, жанрлардың өзгеру, бірігу, жіктелу заңдылықтары, жанрлар жүйесінің қызметі, әр қилы жанрлық түрлердің поэтикасы, жанрлар типологиясы ертеден-ақ ғалымдардың назарына ілігіп, көптеген зерттеулердің нысанына айналды. Осыған орай белгілі ғалым Р.Нұрғали: «Жанрды — әдебиеттің тегі, әдебиеттегі түрлер, оның табиғатын танып, даму барысын пайымдауда бүгін әр түрлі ағым, әр түрлі мектеп өз тұжырымын ұсынады» [1, 189], — деп жазады.
Қазіргі уақытқа дейін әдебиеттану ғылымында қалыптасқан жанр туралы бірнеше тұжырымдамаларды атауға болады. Олардың біреуі схоластикалық теориялардан; екіншісі – ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы социологиялық мектептерден; үшіншісі – «формалистік» және «морфологиялық» қағидалардан; төртінші біреулері – Бахтин, Фрейденберг, Пропптың жанрлық-генетикалық идеяларынан бастау алды.
«Әдебиет теориясы» еңбегінің авторлары Р.Уэллек пен О.Уоррен де әдеби жанрды шығарманың пішіні ретінде түсіндіреді: «Шартты түрде жанр деп ортақ «сыртқы» (өлшем, құрылым) және «ішкі» (көңіл-күй, қатынас, ой, басқаша айтқанда – тақырып және аудитория) пішіні теориялық тұрғыдан анықталатын әдеби шығармалардың тобын айтамыз» [2, 247-248]. Ғалымдардың айтуынша, жанрлық даму нәтижесінде ескі жанрлар жүйесі бұзылып, «ішкі» және «сыртқы» пішіндердің бірлігі жойылады. «Жанр туралы біздің теориямыз «ішкі» пішінге емес, «сыртқы» пішінге тәуелді. Сондықтан да жанр дегеніміз саяси роман немесе жұмысшылар өміріне арналған роман емес, октавамен жазылған «Гудибрас» немесе сонет болып есептеледі» [2, 250]. Яғни, жоғарыда келтірілген тұжырым жанрды формалді көзқарас тұрғысынан анықтайды.
Жанр теориясының дамуына ерекше үлес қосқан ғалым – М.М.Бахтин. Ғалым жанрлар мен әдеби шығарманың ішкі диалогтық сипатының арасындағы байланысты дәлелдеуге тырысты. Зерттеушінің пікірінше, диалог автор мен оқырман немесе кейіпкер мен оқырман арасында болу қажет. Жанрлар да осы диалогтың көріну сипатымен анықталады. Шындығында да, жанр функцияларының бірі — жазушы мен оқырман арасындағы дәнекерлік. М.Бахтин алғашқылардың бірі болып жанрдың мазмұндық жағына көңіл бөлді [3, 454-455].
М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция даралығымен ерекшеленеді. Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал.
Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені атап айтуға борлады:
1. Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы;
2. Шығарманың жанры мен құрылымы;
3. Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар, олардың генезисі мен дәстүрі.
Осы проблемалардың барлығы жанр типологиясына байланысты.
Көркем шығарманың жанрлық белгілері көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты екені белгілі. Дегенмен, жалпылама түрде белгілі бір ұлттық әдебиет дамуында типтік жанрлық белгілер туралы сөз қозғауға болады. Мысалы, классицизм дәуірінде жанрлық атаулар туындының маңызды типологиялық белгілерін көрсететін. Бұл кезеңде әдеби жанрларға нақты талаптар қойылып, міндетті түрде жазушы тарапынан орындалып отырды. Классицистер жанрлық категориялардың табиғатын түсіндіруге ұмтылған да жоқ. Оларды толғандырған мәселелер ауқымына «жанр тазалығы», оның «өміршеңдігі, жаңа жанрларды анықтау енді».
ХІХ-ХХ ғасырларда жанрлық категорияларға деген көзқарас өзгерді. Бір жағынан, жаңа эстетикалық қағидалар ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі жанрлық құрылымдарды жадында сақтай отырып қалыптасса; екінші жағынан, «ескі» және «жаңа» жанрлар өзара шығармашылық қарым-қатынасқа түсті, «ескі» жанрлар жаңадан игерілді.
Біз жоғарыда жанрдың туып, қалыптасу және даму процесін әр қилы түсіндірген ғылыми мектеп, ағымдардың болғанын атап өттік. Әсіресе, шет ел әдебиеттану ғылымындағы жанр туралы концепциялар өте қызықты. Жанрлар туралы түрлі концепцияларды салыстыру мәселенің мәнін тереңірек түсінуге көмектесетіні сөзсіз.
Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі әдебиеттануда жанр текке бөлудің екі принципін жүйелеуге болады. Кейбірі екі принципті де араласты Р.Әбіқұлова Жанр және шығарма Жанр және шығарма Р. Әбдіқұлова рады. Л. И. Тимофеев Аристотельге жуық, Г.Н. Поспелов, Н. А. Гуляев, В. Е. Хализев Гегельге, Белинскийге жақын. Қысқасы, үш тек бар екенін түсіну керек. Текаралық формалар (лиро-эпикалық, лиро-драмалық) тек болып есептелмейді. Тектен тыс (дәстүрлі емес) формаларға очерк, эссеистика, әдебиеттегі «сана ағынын» жатқызуға болады. Әр тектің өзіне тән доминанты, мысалы: субъективті-эмоциональдық толғаныс лирика тегіне тән доминант, эпос тегіне тән доминант оқиға туралы баяндау, драма тегіне тән доминант оқиғалардың диалогта бейнеленуі болып табылады. Жанр типологиясын зерттеушілер әдебиеттің текке бөліну проблемасына қатысты теориялық тұжырымдарды жіктей түсіндіруден бастауды жөн деп санайды. Дегенмен, тек пен түр жайлы пайымдардың үндестігі де байқалады.
Халық прозасын сөз еткен С. А. Қасқабасов жанр – шығармадағы сюжеттің берілу, өрілу тәсілі дей келіп, сюжет ауыз әдебиетінде тұрақталу керек, содан соң ғана шығармаға айналып, жанры айқындалады деген пікір айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет