19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басындағы Европа елдері


І дүниежүзілік соғыс: Шілде дағдарысы



бет30/171
Дата23.06.2020
өлшемі0,87 Mb.
#74420
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   171
Байланысты:
ЛЕКЦИИ по ВСЕМИРКЕ

3. І дүниежүзілік соғыс: Шілде дағдарысы. Соғыстың басталуына 1914 ж. 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадагы австро-венгр әскерлерінің жаттығуларына келген австрия тағыныц мұрагері эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтірілуі сылтау болды.

Террористік актіні іске асырушы "Млада босна" ұлтшылдық ұйымының мүшесі Гаврило Принциптің ұлты серб болып шықты. Австро-Венгрия өкіметі Германияның мақұлдауымен мұны Сербияға ультиматум коюға негіз бар деп шешті. Ультиматумның талаптары Сербияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретіндей дәрежеде еді.

Бүкіл бір ай бойына Еуропаның ұлы державалары эрц-герцогтың өлімінің салдары қалай болады екендігін талқылаумен болды. Герман императоры Вильгельм II австриялықтарды «сербтерді кұртуға» айдап салды. Ресей, Франция жөне Ұлыбритания австро-германдықтардың бұл әрекеттеріне тойтарыс беру керек деп есептеді. Серб үкіметі Ресейдің кеңесі бойынша ультиматумның барлық талаптарына келісті. Бірақ бұл есепке алынбады.



28 шілдеде Австрия-Венгрия армиясы Сербияга басып кірді. Еуропа еріксіз соғыс өртіне шарпылды. 29 шілдеде Ресей ішінара мобилизация жариялады. 1914 ж. 1 тамызында Германия Ресейге, ал 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. Келесі күні соғысқа Ұлыбритания кірісті. Тамызда Германияға Жапония соғыс жариялады. Оның мақсаты Германияның отарларын Қытайдағы иеліктері мен Тынық мұхиттағы аралдарды басып алу еді. Германия өз жағында соғысқа Түркияны, соңынан Болгарияны тартты. Закавказьеде, Таяу Шығыста, Балканда және Африкадағы герман отарларында жаңа майдандар ашылды. Осылай Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет