Желтоқсанда үзілген жауқазындар



Дата16.01.2024
өлшемі18,95 Kb.
#199961
Байланысты:
Желтоқсанда үзілген жауқазындар
Part2, СОӨЖ тақырыптары (1)

Желтоқсанда үзілген жауқазындар (тәрбие сағаты)
Мақсаты: Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыр, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Патриоттық сезім қалыптастыру.

Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреттері, кітап көрмесі.
І Ұйымдастыру бөлімі:
І-ші жүргізуші:
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.
Армызыздар , құрметті ата - аналар, мектеп қонақтары! Желтоқсанның дүмпуімен, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат аға - апаларымыздың арқасында жеткен тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсанда үзілген жауқазындар » кешіне қош келіпсіздер!
«Желтоқсанда үзілген жауқазындар » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
жүргізуші:
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 32 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 37 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Оқушылар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.
Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың
ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет