1ДӘріс тауартану пәні мен мақсаттары Азық түлік тауарларын жіктеу Тауар сапасы және тауар сапасын анықтаудың әдістері Тауартану


Тауартанулық қызметінің субьектілері



бет14/67
Дата22.12.2021
өлшемі451,79 Kb.
#127464
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
тауартану 1-13
кәсіпорын, кәсіпорын, етті консервілеудің жаңа әдістері, Ет консервілері, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс., 8 сем
Тауартанулық қызметінің субьектілері

Субьект – сыртқы әлемді танушы және оған өзінің практикалық қызметінде әсер  ететін және де құқықтары мен міндеттері бар адам.

Тауартанулық қызметтің субьектілері екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлартанушылар-мамандар, яғни бұл қызметі өзінің лауазымдық міндеттерінің күшіне пайдаланушылар кіреді. Бұл категориядағы мамандар үлесіне саудадағы барлық жетекшілер мен мамандардың 25-30 %  сәйкес келеді. Екінші тобы тауартанушылық қызметке бағытталған қажеттіліктерді қанағаттандырушы субьектілер кіреді. Оларға тауарды тұтынушылар жатады. Сондықтан да бұл топ саны бойынша бірінші топтан алда тұр. Тауартанушылар тауардың дайындаушыдан тұтынушыға  тауардың ассортименттік сапалық, сандық және құндық сипаттары, және де тұтынушылар сұранысымен жетуін қамтамасыз ететін мамандар.

«Тауартанушы» терминдерінің өзі «тауар маманы» немесе «субьект, тауарды білетін» деген мағынаны береді. Тауарды тереңдетіп білу тауартанушылыларды сауда, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық мамандарынан ажыратады.

Тауартанушылар технолог және маркетологтармен өзара тығыз байланысты профессионалды қызметін шыңдайды. Біріншілері өндірісті өніммен  қамтамасыздандырып, әлі тауар болып табылмайтын өндірістік өнімнің басқы этапында тұрады. Өнімнің өндіріс сферасынан  тауар болып табылатын өнімнің технологиялық қызметінің обьектісіне өтуі, яғни тауар статусын (мәртебесін) алу тауартану қызметінің обьектісіне айналды.Тауартанушылар төмендегі бөлімдер құрамына кіреді: коммерциялық, өндірістік, ауыл шаруашылық және сауда ұйымдарының басқа құрылымдық бөлімдері. Сонда да бұл мамандардың көпшілігі саудада (көтерме және бөлшектеп) және қоғамдық тамақтануда жұмыс істейді.

Тауартанушылардың лауазымдық міндеттері көп жағдайда олар жұмыс істейтін құрылымдық бөліністердің мақсаттары мен міндеттері анықталады. Тауартанулық қызметінің негізгі бағытының екеуін бөліп көрсетуге болады: тауар қозғалысының технологиялық қамтамасыздандыратын технологиялық бағыт және ұйымдастырушылық бағыт тұрмысты стимульдеуге, сұраныс және тұрмыс нарығын анықтауға, тауарды сатып алу ұйымына негізделген. Осы себепті өндірісте және саудада тауартанушылылардың екі категориясы керек: тауартанушылар – технологтар (инженерлер) және тауартанушылар – ұйымдастырушылар. Орындалатын функциялары бойынша соңғылары маркетологтарға жақын және қызметтің басқа түрлерінде оларды көшіріп алуы мүмкін. Маркетологтарды дайындау жақында басталып, бұл мамандардың контингенті Ресейде әлі ашылмауы кездейсоқ жайт емес. Ал сауда ұйымдарындағы кейбір маркетингтік қызмет түрлерін тауартанушылар жіргізеді. Сонымен қатар ірі, жаңадан ашылған дүкендерде тауартанушылар маркетинг бөлімінің құрамына кіреді. Бірақ-та тауартанушылар қызметінің маркетологтардан айырмашылығы тауар қасиетін тұтынудың жеткілікті бөлімін талап етіп, орындалатын функциялармен байланыстырады.

Мұнымен қоса тауартанушы-технологтар және ұйымдастырушылар жалпы лауазымдық міндеттер ретін орындайды. Оларды орындау белгілі білімді, білгірлікті талап етеді.

Тауартанушы төмендегідей тауартану  аймағын  білуі қажет:

-              эмпирикалық және аналитикалық әдістер, тауардың қозғалу процесінде тауар көлемі және сапасын сақтау әдістері мен шараларын ассортименттің барлық түрлерін рационалды тануына мүмкіндік береді;

-              ассортимент (тауарлық номенклатураны), көрсеткіштер, оны сипаттайтындар, ассортиментті басқару әдістері мен этаптары;

-              ассортиментті дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттары;

-     тұтыну қасиеттері және көрсеткіштері номенклатурасы, сапасын бағалауда оларды таңдау критериясы;

-      бірлік экземплярдағы және тауар партиясының сандық сипаттамалары, партиядан сынаманы таңдау ережелері;

-        тауар сапасын пішіндеу және сақтауға әсер ететін факторлар;

-        жоғалымдар түрлері және олардың пайда болу себептері, сызып тастау реті;

-          функциялар түрі, тауарлық ақпараының  пішіні және шаралары;

-          тауарлық топтардың және тауарлардың өзінің тауартанулық сипаттамалары.

Теореиялық білімдер тауартанулық ілімдер арқылы таралады. Осы салдарларды тауартанушы білуі қажет:

-              нарықтың түрлі сегментіндегі тұтынушылар сұранысын барынша толығымен қанағаттандыру үшін түрлі белгілер бойынша (арнаулы, сенімдігі, құрамы және тағы басқа) тауарларды бағалау нәтижелерін жинақтап, талдау және жіктеу және де тауарлардың бәсекеге қабілетілігін қамтамасыздандыру және тұтынушылардың қызығушылығын ояту;

-              бір топтағы тауарларды жетілдіру және дамыту бағыты есебінен ұйымның рационалды өнім түрі саясатына жету үшін ассортимент көрсеткіштерін анықтау және талдау;

-              тауар сапасына ыңғайлы номенклатура қасиеттері мен көрсеткіштерін таңдау жолымен бағалау, фактілі мәндерді анықтау және регламенттелетін мәндерді қойып шығу;

-              мүмкіндіктері жайлы шешімдерді қабылдау үшін олардың пайда болу себептерін ашып, ақаулар диагностикасын жүргізу және де оларды тағамдық, жем ретінде, өнеркәсіптік өңдеу немесе жою үшін пайдалану;

-              бекітілген талаптарға қатысты сынамаларды таңдау және есептеу, тауар партиясын идентификациялау;

-              бекітілген талаптарға сәйкес ағымдық бақылау сапасы және қабылдау – өткізуді жүргізу үшін ақаулар мен қабылдаулар санын анықтау

-        тауар қозғалысының түрлі этаптарында олардың сандық сипаттамаларын бекіту үшін тауар және тауар партиясын өлшеуді жүргізу;

-              тауардың бәсекеге қабілеттілігі және сапаны бақылап тұру үшін пішінделетін факторларды ескеру және де дайындаушы мүмкіндігін бағалау үшін тауар шығару, олардың сапа деңгейі нарықтың дәл сегментінің сұранысына сәйкес келуі керек;

-              таратуға дайындайтын және сақтау кезіндегі тауардың сақталуына әсер ететін факторларды реттеу;

-              тауарларды орналастыру, сақтаудың санитарлық-гигиеналық және климаттық тәртіптерін қолдау және бақылауды  құру;

-              бұл қондырғы арнаулы қажет тауар топтары немесе тауар ерекшеліктері есебінен тарату және сатуға дайындайтын, сауда қондырғысын сақтау үшін мұның тиімді түрлерін таңдауға қатысу;

-              жоғалымды төмендету және жою бойынша сәйкес келмейтін тауарларды таратуды алдын-ал  және тауар түрін жақсарту, сапасы мен санын пішіндеу, тарату үшін тауарларды дайындауды қамтамасыздандыру;

-              тауармен ары қарай жұмыс жасау үшін қажетті деректер, дайындаушы және түсіріп беруші тауар партиясының барлық сипаттамаларын тексеру және анықтау үшін тауарды шығарып салушы құжаттармен жұмыс жасау;

-              тұрмыстық тауарларды стимулдеуге мүмкіндік беретін тұтынушылар қызығушылығын құру және тауармен толық танысу үшін коммерциялық және тұтынушылық ақпаратына сүйенетін түрлі шаралар көмегімен көрсету;

-              тұтынушыларға қажетті және сенімді ақпарат беру үшін тауарды әр түрлі маркілермен маркілеп, онда ақпарттық белгілерді көрсету және тауарды – шығарып салушы құжаттар көмегімен тауарды идентификациялау;

-              дәл тауарлармен жұмыс жасау – оларды ассортимент тобына және түріне идентификациялап, сапасын бағалау, тауарды барлық жолда оның қозғалысын тұтынушыға сақтауды қамтамасыздандыру.

Тауартанулық қызметке бағытталған субьектілердің екінші тобы тұтынушылылармен көрсетіледі, өзінің қажеттіліктері мен сұраныстарымен тұтынушылар – дайындаушылар мен сатушылар, мамандар, тасымалдаушы, қоймашы және басқа ұйымдардың назарында жүретінін атап өту қажет. Бірақ-та тауартанушылар мен маркетологтардың профессионалдық қызметі бірінші кезекте тұтынушыға көңіл бөлу қажет етеді. Бұл қатынаста  олар тұтынушылар құқығын қорғауға  кіретін мемлекеттік реттеу органына және қоғамдық ұйымдарға жақын.

Бұл байланыста отандық және шетелдік іс тәжірибеде тауартанушылардың тұтынушылармен әрекеті кезінде тауартанулық қызметтің спецификасын көрсетуде қабылданған «тұтынушы» түсінігін міндетті түрде қарау қажет.

«Тұтынушы» терминінің анықтамасы «Тұтынушылар құқын қорғаудағы» федералдық заңда берілген.«Тұтынушы» пайда табу мақсатында емес, жеке қажеттіліктер үшін тауарды алушы немесе пайдаланушы, тапсырыс беруші, тапсырыс бере алатын немесе тұтына алатын азамат. Бұл терминнің анықтамасы халықаралық іс шарада біршама басқалай. Халықаралық стандартта МС ИСО 8402 «Сапаны басқару және сапамен қамтамасыздандыру». «Сөздікте» келесі анықтама терминдері берілген:

«Тұтынушы – тауарды жеткізіп берушінің жеткізіп берген өнімін алу».

Осылайша, «тұтынушы» терминінің Ресейлік анықтамасының айырмашылығы халықаралық іс тәжірибеде соңғы сатып алушы ретінде тұтынушы иемденген тауарды өз мақсаттарына немесе өндіріске өнімнің жаңа түрі немесе қызметтін пайдаланатын ішкі және сыртқы иемденушісі бола алады.

Тауартанушылар сирек жағдайда тұтынушылармен тікелей әрекет жасайды. Сирек жағдайда бұл әрекеттер тұтынушылар сұранысын жекелей немесе кешенді қанағаттандыратын қосалқы сипаттамалар, соңғы нәтиже – тауарды таратуға бағытталған тауартанулық қызмет.

Тауарды жеткілікті білген жағдайда ғана тауартанушыларға қойылған талаптарын орындауға мүмкіндік береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет