Майлар - майда еритін дәрумендердің (дәрумен Д) ақуыздың сіңірілуін күшейтеді, қалқанша бездің жұмысын белсендетеді, ішек-қарын перистальтикасын, өт бөлуін күшейтеді, тамақтың дәмін жақсартады, тойынған сезімді шақырады.
Төмен температурада еритін майлар (өсімдік майлары, балық майы т.б) жоғары температурада еритін майларға (қара мал, қой, шошқа майлары) қарағанда эмульгирді майлар (сүт, сүт майы т.б) жақсы сіңіріледі.
Майлар құрамына қаныққан және қанықпаған май қышқылдары кіреді. Өсімдік майлары (кұнбағыс, жүгері) қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, ал жануар (қой, сиыр, шошқа) майлары қаныққан май қышқылдарынан тұрады.
Майлардың адам денесі үшін биологиялық құндылығы жоғары қанықпаған май қышқылдарымен анықталады. Олар үшеу ағзада түзілмейді, сондықтан қоректенудің таптырмас факторы болып келеді. Жоғары қаныққан май қышқылдары тамыр қабырғаларының иілгіштігін жоғарылатады, өткізгіштігін төмендетеді, бауырда холестериннің өт қышқылдарына айналуын, өт бөлінуін, ішек перистальтикасын күшейтеді. Қанықпаған май қышқылдары өсімдік майлары мен кейбір жануар майлары (құс, балық майы, сүйек кемігі) құрамында кездеседі.
Тәуліктік рацион калориясының 28-30%-ын майлар құрайды. Суық ауада майларға қажеттілік жоғарылайды, ыстық ауада төмендейді. Адамның майларға тәуліктік қажеттілігі 30% өсімдік майлары және 70% жануар майларымен қамтамасыз етілуі керек. Адам тағамында майлардың жеткіліксіз немесе артық болуы зиянды. Майлар жеткіліксіз болған жағдайларда дене салмағы, ағзаның қорғаныс күштері төмендейді т.б. Майларды көп мөлшерде қабылдау зат алмасу бұзылуларына, кейбір аурулардың (атеросклероз, қант диабеті) дамуына алып келеді.
Көмірсулар
Көмірсулар – сүтек, оттегі мен көмірден тұратын заттар. Олар қарапайым (моносахарид) және күрделі (дисахарид және полисахарид) болып бөлінеді. Кең таралған моносахаридтерге глюкоза жатады. Крахмал, гликоген, пектин заттар полисахаридтерге жатады. Көмірсулар қалыпты зат алмасу процестері үшін өте қажет, олар майлардың толық тотығуына әсер етеді. Көмірсулар адам денесіндегі әр түрлі ағза, жүйелердің қызметіне қажет болған энергиямен қамтамасыз етеді.
Организмде сіңірілетін көмірсулар қандағы қанттың тұрақты деңгейін ұстауға септігін тигізеді. Көмірсулар жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілгенде артық глюкоза гликоген түрінде бауыр жасушалары мен бұлшық еттерде жиналады. Гликоген көмірсулардың резервті қоры болып келеді. Қажет жағдайларда гликоген ыдырап глюкозаға айналады да, керекті мөлшерде қанға түсіп ұлпаларға жетеді. Адам ағзасы үшін көмірсулардың негізгі көзі болып өсімдік тағамдары есептеледі. Жеміс-жидектердің тәтті түрлері глюкоза, фруктозаға өте бай. Жармалар, нан, макарон тағамдары, картоп, бұршақтар крахмалға бай болып келеді. Лактоза түрінде көмірсулар сүтте, сүт өнімдерінде кездеседі.
Клетчатка жасуша қабықтарының құрамына кіреді. Ол өт бөлінуін, ішек бездері секрециясын күшейтеді, ағзадан холестериннің шығуын белсендетіп, ішектің қызметін реттейді. Нан, бидай және сұлы жармалары, орамжапырақ, шалғам клетчаткаға бай болып келеді.
Көмірсулардың негізгі мөлшері ағзаға крахмал түрінде түсуі керек, өйткені ол жаймен ыдырап сіңіріледі. Нан, картоп, жармалар крахмалға бай болып келеді.
Көмірсулар ащы ішекте моносахарид түрінде сіңіріледі. Сондықтан күрделі көмірсулар алдын ала сілекейдің, ұйқы безі, ащы ішек ферменттері әсерінен моносахаридтерге дейін ыдырайды.
Көмірсуларды көп мөлшерде қабылдау зат алмасу бұзылуларына, семіздік, атеросклероз және басқа аурулардың дамуына алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |