Науқасты жасанды тамақтандыру
Кей жағдайда ауыр науқастарды ауыз қуысы арқылы тамақтандыру мүмкін болмайды /ауыз қуысы аурулары, асқазан-ішек құрылысы, ес-түссіз жағдайларда т.б./. Мұндай жағдайларда жасанды жолмен тамақтандырады. Жасанды тамақтандыру ағзаға асқазан зондының, клизманың көмегімен немесе парентералды /веналық немесе тері асты/ жолымен қоректік заттар енгізу болып табылады. Жасанды тамақтандыру кейде қалыпты тамақтануға қосымша болады.
Жасанды тамақтандыру келесі жолдармен жүзеге асады:
Ауыз, мұрын арқылы немесе гастростома арқылы енгізілген зонд көмегімен;
Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу;
Қоректік ерітінділерді парентералді (күре тамырға тамшылатып) жолмен енгізу.
Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі.
Парентералді тамақтану ас қорыту жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда, қалыпты тамақтану мүмкін болмаған жағдайларда (ісіктер) және асқазан, өңешке операция жасалғаннан соң тағайындалады. Парентералді тамақтану үшін аминоқышқылдар ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі қолданылады. Сонымен қатар электролит ерітінділері, В тобы витаминдері, аскорбин қышқылы енгізіледі. Оларды енгізуден алдын су моншасында дене температурасына дейін жылытылады, күре тамырға тамшылатып жіберіледі. Ерітінділерді жіберу жылдамдығын қатаң бақылау қажет.
Науқасты мұрын немесе ауыз жолы арқылы өткізілген
зонд көмегімен тамақтандыру
Қажетті заттар: залалсыздандырылған жіңішке зонд (мұрын катетері), вазелин, воронка немесе Жане шприцы, 600-800 мл сұйытылған тағам.
Іс -әрекеттер:
Залалсыздандырылған асқазан зондын алыңыз.
Зондты (мұрын жолы арқылы енгізгенде) вазелинмен майлаймыз.
Зондты төменгі мұрын, мұрын-жұтқыншақ қуысы арқылы енгізу керек
Сол қолдың саусағымен зондтың мұрын-көмей жолындағы жатысын
саусақпен баса отырып, көмейге дұрыс келуін қадағалау керек.
Зондтың бос бөлігін воронкамен жалғастырамыз, ақырындап
воронкаға дайын тамақты құямыз. Әзірлеген сұйық тамақты
Жане шприцімен сорып алып, ауасын шығарып беруге де болады.
Қоректік заттарды енгізіп болған соң, ондағы тағамның қалдықтарын
жуу үшін зондқа таза су құяды, кейін воронканы алып тастаймыз.
Зондтың ұшын науқастың бетіне лейкопластырмен оған кедергі
жасамайтындай етіп бекіту керек.
Кейбір жағдайларда зондты науқастың жағдайына байланысты 2-3
тәулікте ауыстырып тұру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |