1курс сессия. «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан жауаптары «Қазақстан тарихы»


Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды



бет64/111
Дата16.03.2023
өлшемі439,4 Kb.
#172665
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111
Байланысты:
1курс сессия. «?аза?стан тарихы» п?нінен мемлекеттік емтихан жау

Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:

  1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.

  2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.

Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси – экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес үкіметі ӘулиеатаТүркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.


71.Екінші Жалпықазақ съезі және қаралған мәселелер.
Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.
Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
1. Сібір автономиясы;
2. Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
3. Қазақ-қырғыз автономиясы;
4. Милиция туралы;
5. Ұлт кеңесі;
6. Ұлт қазынасы;
7. Мүфтилік мәселесі;
8. Халық соты;
9. Ауылды басқару және
10. азық-түлік мәселесі.,,,,,,,,,
Алашорда – Алаш автономиясының үкіметі (1917 ж. желтоқсан – 1920ж.) Алаш (немесе Ұлт кеңесі) 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II жалпықазақ съезінде сайланды. Съездің күн тәртібіндегі он мәселенің ішіндегі ең маңыздылары Алаш автономиясын құру және оның үкіметін сайлау болды.
Орынбор қаласында өткен 2-жалпы қазақ съезінде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, қаулы кабылданды. Онда: «Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, казанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын … және бұл бүлікшілік біздің казақ-қырғыздың басына келуі мүмкін деп ойлап … съезд бірауыздан қаулы қылады»:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет