2-4 сынып оқушыларынан «0» білім кесіндісін жүргізілуі туралы анықтама Тексеру мақсаты



бет3/18
Дата12.12.2023
өлшемі58,07 Kb.
#196631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
срез 0 АОМ
ro 7-8ru
4 сыныпта математика пәнінен 5 тапсырмадан тұратын бақылау жұмысы алынды. Амалдарды орында, мәселе есепті шығару, теңдеу шешу, өрнекте, периметрін есептеу. Бақылау қорытындысы бойынша 57 %, 9-10 балға орындаған оқушылар: Турсынаканова Аида,Асқарқызы Нұрбибі,Бауыржанұлы Рамазан. 7-8 балл алған оқушылар: Нұрбатыр Жанерке,Сархыт Аяулым,Дастан Ақнұр,Бөкенай Аңсар.Бұл оқушылардың басым бөлігі мәселе есептің шартын дұрыс құрастырмаған, кейбірі теңдеу шешуде қателескен.5-6 балл алған оқушылар:Сапарғали Іңкәр,Абикеев Дарын, Даулет Алинұр, Қабидолда Мөлдір, Асланұлы Арлан. Оқушылар мәселе есепті шығара алмаған, теңдеу шешуде қателескен,уақыт өлшем бірліктерін өрнектеуде қателескен, периметрін табуда қате жіберген. Жеңісбек Елжан бақылау жұмыс өте төмен орындаған.
4.1.2.8.көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану оқу мақсаты бойынша қиындықтар кездескен.
Қазақ тілі пәнінен «Аққу» атты диктант алынды. Жазған жұмыстың қорытындысы бойынша сапа: 57%. 9-10 балға жазғандар:Сархыт Аяулым,Турсынаканова Аида,Асқарқызы Нұрбибі, Нұрбатыр Жанерке. 7-8 балл алған оқушылар:Қабидолда Мөлдір,Абикеев Дарын ,Дастан Ақнұр, Жүніс Малика. Бұл оқушылар «ң», «н» дыбысын ажырата алмаған, тыныс белгілерінен қателескен. 5-6 балл алған оқушылар:Бауыржанұлы Рамазан,Сапарғали Іңкәр,Бөкенай Аңсар,Асланұлы Арлан.Оқушылар орфографиялық қателер жіберген ,әріп элементтері дұрыс жазылмаған.Бауыржанұлы Рамазан г,ғ әріптерін теріс жазады,жалпы кез келген сөзді бөліп жазады, әріптері бірікпейді. Асланұлы Арлан сөздерді бірге жазу қателері немесе бас әріппен жазуда қателіктер жібереді. Алынған жұмыстарға жүргізіген талдау нәтижесінде төмен көрсеткен оқушылар:Жеңісбек Елжан және Даулет Алинур.Диктант сауатты әрі көркем жазылмаған,орфографиялық және пунктуациялық нормалары сақталмаған.Оқушылармен бірге ілесіп жазуға қиналады.Екі оқушы да көбінесе дыбыстарды тастап жазады.
4.3.6.1. каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру оқу мақсаты бойынша жоғарыда аталған оқушылармен жұмыс жасау көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет