2 дәріс Педагогтің үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары Жоспар «Үздіксіз білім беру»



бет2/5
Дата24.11.2022
өлшемі4,03 Mb.
#159693
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДӘРІС 2 Педагогика

педагогикалық қарым-қатынас - педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатудың, дамытудың, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі үрдісі.
  • Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ала көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарын іздестіреді.
    • Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатыныс түрлері
    • Вербалды қарым-қатынас – адамдар арасындағы сөз арқылы жүргізілетін қарым-қатынас
    • Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербалды қарым-қатынастың негізгі құралы. Сөз қадірі халық даналығында жоғары бағаланып, оның қарым-қатынастық маңызы мақалдармен негізделіп отырған: «Өнер алды қызыл тіл», «Жақсы сөз – жан азығы», «Жанды жаралайтында сөз, емдейтін де сөз», «Айтылған сөз, атылған оқ»,«Білетініңді айта берме, бірақ не айтатыныңды біл» т.б.
    • Вербалсыз қарым-қатынас
    • Вербалсыз қарым-қатынас – мимика, ым-ишара, пантомимика арқылы жүргізілетін сөзсіз қарым қатынас. Мысалы, ақпараттармен алмасудағы семафор әліппесі (шартты белгілер, жалаушалар арқылы), Сэмюэл Морзе әліппесі (1837ж) (тақылдату немесе жарық сигналдары арқылы), Луи Брайль әліппесі (1843ж. Франция) (соқыр адамдардың арнайы сипап сезілетін рельефтік-нүктелер комбинациялары арқылы оқу-жазу әліппесі), Шарль Мишель де Л’Эпее әліппесі (1775ж. Франция) (саңырау және мылқау адамдардың алақан мен саусақтардың қимылдары арқылы сөйлесу әліппесі) сияқты тілдесудің көптеген әдіс-тәсілдері өмірде орын алып жатыр.
    • Кинесика – адамдардың қарым-қатынас барысында эмоциялық көңіл-күйлерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады. Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы өте маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі басын төмен салбыратып, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.
    1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет