2 Ғылыми зерттеудің мақсаты


Ғылыми зерттеудің эмпирикалық деңгейінің құрылымы



бет2/14
Дата27.09.2023
өлшемі41,62 Kb.
#182657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
биостат рк 2 (1)

8. Ғылыми зерттеудің эмпирикалық деңгейінің құрылымы.
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу – объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
9. Ғылыми зерттеу жұмысының кезеңдері.
1 кезең – мәселемен жалпы танысу нәтижесінде тақырып қалыптасу барысында негізгі алғашқы жоспар құжат- тақырыптың техникалық – экономикалық негіздемесі (ТЭН) дайындалады және зерттеу жүргізіледі.Осындай негіздеме арқылы ғана тапсырыс беруші тақырыпты жоспарлап, қаржыландыра алады. ТЭН-нібірінші бөлімінде дайындау себептері (оның негіздемесі) , бұрын алынған нәтижелер мен зерттеу деңгейін сипаттайтын қысқаша әдеби шолу келтіріледі.Бқл шешім, мәселе әдістерін және зерттеу кезеңдерін жоспарлауға, мәселенің орындалуының соңғы мақсатын анықтайды. Техникалық – экономикалық негіздеме сала министірлігімен бекітіледі.
Бұл кезеңде таңдап алынған тақырыптың өзектілігі негізделеді. Өзектілік негізінде таңдалып алынған мәселелердің тексеру деңгейі,ұазіргі ғылымдағы жаңалық деңгейі, қысқа түрде зерттеу тарихына шолу жасалынады, зерттеу мақсаттары мен мәселелері айқындалады. Мақсатты белгілегенде бұл зерттеу не үшін жүргізіледі деген сұраққа жауап болу керек. Отандық және шетел әдебиетінің библиографиялық тізімі, әдеби дереккөздер аннотациялары жасалады,зерттеу әдістері (теориялық,тәжірибелік) мен нақты зерттеуді қамтитын құбылыс,процестер анықтлады. Теориялық зерттеуде математикалық жоба жасалынып,алдын ала алынған нәтиже талданады.Тәжірибелік зерттеуді ұйымдастыру алдында мәселелер қайта жасалады , тәжірибе жоспары мен әдістемесі таңдалынады.Бұл мәселені шешуде нұсқаулар мен мемлекеттік стандартты басшылыққа алған жөн.
2-кезең. Ғылыми зерттеу әдістемесін, әдіснамасын таңдау. Ол зерттеу компоненттеріне( объектіге, затқа, мақсатқа және зерттеу мәселелеріне) сипаттама береді.Зерттеудің нысанын таңдағаннан кейін тәжірибе жұмыстарының көлемі, техникасы,еңбек сыйымдылығы және мерзімі көрсетілген жұмыс жоспары даыйындалады.
3 – кезең. Зерттеудің ғылыми болжамын (гипотеза) құру.Ол зерттеудің әзірге белгісіз, бірақ келешекте ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, ғылыми негізделген зерттеушінің ойы.
4 – кезең. Зерттеуді жүргізу әдістерін таңдау. Әдіс – бұл мақсатқа жету тәсілі, зерттеушінің ойлау құралы болып табылады.Зерттеу құралдарына түрлі процедурлар , экстерименттер, математикалық немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі жатады.
5- кезең. Теориялық,тәжірибелік зерттеулерден кейін алынған нәтижеге жалпы талдау жүргізіледі, тәжірибе нәтижесі мен ғылыми болжам салыстырылады. Айырмашылық талдау нәтижесінде теориялық жобалар нақтыланады. Керек жағдайда қосымша тәжірибелер өткізіледі. Содан кейін зерттеудің ғылыми тұжырымдары қалыптасады.
6-кезең. Зерттеу нәтижелерін қолдану. Ғылыми зерттеу жұмысының келесі кезеңі зерттеу нәтижелерін практикада, өндірісте қолдану және экономикалық тиімділігін анықтау болады.Зерттеу барысында алынған материалды талдап,қорытынды шығарып, практикада қолдануға ұсыныс жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет