«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
№2 ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР Кафедрасы, УРОЛОГИЯ КУРСЫ
Ғылыми Кеңестің шешімімен
бекітілді
Хаттама №____
______________
СИЛЛАБУС
(Бакалавриат)
Пән атауы: Урология
Пәннің коды: Urol 4304
Мамандығы: 5В130100 – «Жалпы медицина»
Кредит саны: 2
Курсы: 4
Құрастырушылар: м.ғ.к. доцент, М.Н. Сарқұлов __________________________________________
Кафедра мәжілісінде талқыланды
№ ____ хаттама _______________
Кафедра жетекшісі
м.ғ.д. проф. Б.С. Жакиев_____________________
«Жалпы медицина» мамандығы бойынша Академиялық комитетпен келісілген
№ __ хаттама ________________
Төрайым м.ғ,к. Н.А. Абенова_________________
АкЖД мен келісілген
№ __ хаттама ________________
Жетекші PhD Н.У. Алекенова________________
Ақтөбе, 2021
Оқытушылар туралы мәліметтер
А.Ә.Т.
|
Қызметі
|
Ғылыми дәрежесі
|
Ғылыми бағыттары
|
Сарқұлов М.Н.
|
Урология курсы бойынша жауапты
|
м.ғ.к
|
Несеп жыныс жүйесінің қабыну аурулары
|
Құрманғалиев О.М.
|
профессор
|
м.ғ.д
|
Ер адамдардағы бедеулік мәселелері
|
Сүлейменов Қ.Г.
|
ассистент
|
-
|
Техногенді сипаттағы несеп тас ауруы
|
Айтжанов Н.Ж.
|
ассистент
|
-
|
Операциядан кейінгі уретра стриктурасы
|
Байланыс ақпараты: кафедраның орналасқан жері (мекен жайы, оқу ғимараты), телефоны, электронды адресі. Урология курсы Ақтөбе қаласындағы, Жаңа қоныс ауылында 8Е Ақтөбе медициналық орталығында орналасқан, 2 қабат, №3,4 бөлме. тел: 8 (7132) 53-42-81. Urologiya5@mail.ru
Пән саясаты*.
Кафедраның «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ білім алушыларының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес білім беру үдерісі кезіндегі білім алушыларға қоятын жалпы талаптары:
- тәжірибелік сабаққа қатысу кезінде студенттердің сыртқы кейпі стационардағы медицина қызметкерлеріндегідей киім үлгісіне сай болуы қажет; киім түрі: халат, хирургиялық костюм, чепчик, маска, ауыстырып киетін аяқ киім (әр сабаққа); операциялық блокқа қатысатын болса – бахила.
- тәжірибелік сабақ қатаң түрде оқу кестесімен басталады;
- тәжірибелік сабаққа конспект болу керек;
- себебсіз жіберілген практикалық сабақтар графикке сай қабылданады: а) жіберілген тақырыптар реферат бойынша б) жіберілген сабақта график бойынша сабақтан тыс уақытта клиникада кезекшілік.
- емханалық дәрігердің студенттерге берілген рұқсаты медициналық кітапшасында болу қажет;
Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, пән саясатына қосымша пункттер қосуға болады.
*Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілуі тиіс.
1. Кіріспе Урология - жалпы практика дәрігерін дайындауда негізгі пәндердің бірі болып табылады. Қазіргі урология – медицинаның көптеген ауруларды емдеу мәселелерін сәтті шешуге мүмкіндік беретін деңгейге жеткен саласы. Урологиялық патология кезінде клиникалық ойлауды, білім мен іскерлікті қалыптастыру, диагностика мен тиімді урологиялық тәсіл принциптері медициналық ЖОО-лар түлектерінің кәсіби қызметінде қажет болады. Урологиялық аурулар негізінің бағдарламасы бойынша урологиялық аурулардың этиологиясын, даму сұрақтарын, ажырату диагностикасын, зертханалық зерттеу және емдеу әдістерінің заманауи жағдайы сипатталады. Бұл өз кезегінде жоғары медициналық білімі бар мамандарды кәсіби даярлаумен міндеттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |