152
Бұған қырдағы халықтың малын қорғау үшін қару-жарақ керек. Соның үшін олардағы
қару-жарақтың жартысы өздерінде қалсын деген сөз қосылған.
2. Штаттардағы тәртіпті әскер бұрынғы қалпынша қалар. Бірақ
олар отпен атылатын құрал
сатып алмасын. Мәжіліс мұны 12 әскер бастық пенен 12 мың әскер қалдырыл деп түзетіп
қабыл еткен. Бұхараның бақырдан жасалған ескі төптері өзінде тұра берер, бірақ жаңа
төптер
мен полисмендер болса, олар Россияға тапсырылар.
3. Бұхара хандығында жасырынып жүрген орыс контрреволюционерлері һәм орыс
офицерлері қолға алынар.
4. Бұзылған темір жолдарын түзетуге һәм Бұхара майданында соғысып өлген әскерлердің
бала-шағасына, онан соң соғыстан зиян көрген бейбіт халықтарға Бұхара хүкіметі пұл
берер. Ол орындарға берілетін пұлдың шамасын белгілеу үшін әдейі тексеру комиссиясы
жасалар. Соның үстіне Бұхара комитеті комиссарлар советіне бір жүз вагон астық берсін.
5. Мұнан соң Бұхара хандығындағы темір жолдардың һәм ондағы қызметкерлердің
бейбітшілігін сақтауға екі жақ шартнама жасап, қабыл етер.
6. Бұхара һәм Орта Азия темір жолдарында орыс әскері жүруге бөгет болмас.
7. Екі жақтың тұтқындары шығынсыз өзді-өзіне қайтарылар.
8. Бұхара хүкіметі советтер хүкіметі қойған елшіні ешбір шартсыз қабыл қылар.
9. 4-ші пункттегі шығын пұлдарды төлегенде Бұхара хүкіметі ол пұлдарды жарлы
халықтан алмасын.
«Бірлік туы»
Достарыңызбен бөлісу: