Баймұхаммед Әбішев
КӨҢІЛ АЙТУ
Алаш үшін тұңғыш құрбан болған жолдасымыз Қазы Нұрмұхаммедтің опатын естіп
қайғырдық.
Біз де соның жолында тұтынған мақсұтын бетімізге ұстап, жұрт үшін қандай ауыр жұмыс
болса да бас тартпай мойын ұсынамыз.
Қыршын жас қаһарман жолдас Қазы мархұмның өліміне шын жүрегімізбен қайғырып,
топырағы жеңіл болсын айтамыз.
Троицкідегі «Уәзифа» медіресесіндегі қазақ шәкірттері:
Ғабдалрахман Айсарин,
Баязид Жаншурин,
Баймұхамед Ізтолин,
Ғабдалғұпыр Қамаралдинов,
Ғабдолмәлік Саболатов,
Ғайдолла Мүліков,
Садық Таңатов.
* * * * *
Өзі үшін туған, жұрты үшін өлген жастың қазасына қамығып, көңіліміз босады.
Алла тағала алдын өзіне жарық, артын бізге жарық қылған еді.
Қызылжар. Ережеп Мұрат баласы.
Достарыңызбен бөлісу: |