Атақты педагог А.С.Макаренконың (1888–1939) тәрбие жүйесі кеңестік дәуірдің 20-30 жылдары Украйн жерінде Полтавада М.Горький атындағы балалардың еңбек колониясы мен Ф.Дзержинский атындағы коммунада Ресейде кең көлемде – қараусыз қалған балалармен нәтижелі жұмыс жасау жолдарын қарастыру кезеңінде қалыптасты.
Атақты педагог А.С.Макаренконың(1888–1939) тәрбие жүйесі кеңестік дәуірдің 20-30 жылдары Украйн жерінде Полтавада М.Горький атындағы балалардың еңбек колониясы мен Ф.Дзержинский атындағы коммунада Ресейде кең көлемде – қараусыз қалған балалармен нәтижелі жұмыс жасау жолдарын қарастыру кезеңінде қалыптасты.
Оның ерекшелігі: бұлар мектеп-интернат, мектеп-кешен түрінде; тәрбие жүйесі: оқу, еңбек, ұжымдық әрекет, өзін-өзі басқару, клуб жұмыстары негізінде өзара тығыз байланыста құрылды. Жүйеқұрушы факторлар негізіне ондағы тәрбиеленушілер ұжымының нағыз өндіріспен айналысуын және өзін-өзі басқаруын жатқызуға болады. Еңбек колониясында электр құралдарын және фотоаппарат жасайтын завод болды. Бұлар үлкендердің басшылығымен мектептегі жалпы білім беру саласымен қатар бастауыш кәсіби білім алуға мүмкіндік берді.