Вестибулярля бетінің алаңы таңдай бетіне қарағанда үлкендеу. Онда тігінен білік арналасқан. Вестибулярлы бетінің пішін үйлесімі сүйір тіске ұқсас. Вестибулярлы беті жанасу бетіне өткен кезде доғалданған бұрыш құрайды. Жанасу бетінің пішіндері үшбұрыш пішінді болып келеді. Дистальді жанасу беті медиальді бетіне қарағанда дөңестеу. Бүйір беттері ешқандай бұрыш жасамай таңдай бетіне ауысады. Окклюзиялық беті екі ұрттық және тілдік төмпешіктен құрылған. Ұрттық төмпешік көлемі жағынан үлкен. Төмпешіктер арасында жиектік айдаршыққа дейін жететін жақсы дамыған табиғи сызаттар (фиссура) орналасқан.
Бірінші кіші азу тіске қарағанда аздап кішілеу. Ұрттық және таңдайлық төмпешіктерінің көлемі бірдей. Құрылымы, орналасуы, сызаттары, жиектік айдаршықтары, тесіктері бірінші кіші азу тіске ұқсас. Сауыттың вестибулярлы беті дөңестеу, тігінен білігі бар. Жанасу беттері де дөңестеу.
Пішін үйлесімі жағынан бірінші кіші азу тіске ұқсас, бірақ төмпешіктер жағындағы сайлары қысқалау. Тіс құысының ең кең бөлігі мойын деңгейінде орналасқан.
Сауыттың вестибулярлы беті сопақ немесе бесбұрышты болуы мүмкін. Вестибулярлы төмпешіктің пішіндері ір түрлі болуы мүмкін.
Көбіне түбірі біреу ұшы вестибулярлы жаққа қарай иілген конус тәріздес. Түбірдің медиальді және дистальді беттерінде сайлар бар.
Тіс қуысы мойын бөлігінде тарылып өзек сағаларын құрайды және кең өзекке айналып кетеді.
Кейде түбір мойыннан төмен деңгейде екіге айырылады. Өзектердің екіге айырылуы бір түбір кезінде де байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбір өзектері түбір ұшында бір немесе екі тесікпен ашылуы мүмкін.
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ
Вестибулярлы беті дөңестеу. Сауыттың дөңестік белгісі жақсы дамыған. Жанасу беттері де дөңестеліп біртіндеп тілдік бетке ауысады. Тілдік беті вестибулярлы беттен кішілеу. Окклюзиялық бетінде екі төмпешік бар. Тілдік төмпешігі вестибулярлы төмпешіктен кішілеу. Төмпеш Язычная поверхностьіктер бір бірінен сызаттар арқылы бөлінген. Жиектік айдаршығы жақсы дамыған.
Қуыстары медиодистальді бағытта қысылған. Пішіні сауыт пішінін қайталайды және екі сайының тілдік сайы анық бейнеленбеген.
Кейде тілдік төмпешіктен ұрттық төмпешікке қарай бүйір жақтарынан тұйық тесік құрайтын кіреуке білігі пайда болады. Барлық кіші азу тістердің ішінде сауыт көлемі ең кіші тіс болып келеді.
Түбірі тік, алдыңғыартқы бағытта аздап жалпақталған. Медиальді және дистальді беттерінде түбірдің орта бөлігінде жақсы бейнеленген сайлар бар.
Тістің мойын бөлігінде тіс қуысы біртіндеп түбір өзегіне ауысады. Өзек үстіңгі жарты бөлігінде өте кең, ал одан кейін түбір ұшына бағыттала келе конус тәрізденіп тарылады. Көлденең кесіндіде сопақ пішіндес.
Кейде түбірде вестибулооральді орналасқан екі өзек болады.
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ КІШІ АЗУ ТІСТЕРІ Бірінші кіші азу тіске қарағанда көлемі үлкен. Вестибулярлы және тілдік төмпешіктері жақсы бейнеленген және бер бірнен сайлар арқылы бөлінген. Жанасу беттері дөңестеу. Жиектік айдаршығы жақсы бейнеленген.
Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Қуыс алдыңғыар
қы бағытта қысылғандықтан саңылау тәрізді пішіндес болып келеді.
Үш төмпешігі болуы немесе одан да көп төмпешік болуы мүмкін. Көптөмпешікті болу кезінде ортаңғы сай әр төмпешіктке қарай тарамдар жасайды.
Тік, конус пішіндес.
Тіс қуысы суқұйғыш тәрізден
п түбір өзегіне ауысады. Көп жағдайда алдыңғыартқы бағытта қысылған түзу бір өзек болады.
Түбір ұшының үштен бір бөлігінде өзек екіге айыршақтануы мүмкін.
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ Ең үлкен және ірі тіс. Шайнау беті бұрыштары тегістелген ромб тәріздес. Төрт төмпешігі бар. Екі тілдік және ұрттық. Төмпешіктерді бһліп тұратын сызаттар Н әріпіне ұқсас. Ұрт жақ төмпешіктері конус тәріздес, ал таңдай төмпешіктері жатыңқы аздап тегістелген. Алдыңғы төмпешіктері артқы төмпешіктерге қарағанда үлкен. Сауыттың ұрттық беті таңдай бетінен үлкен.
Негізінен сауыт пішінін қайталайды. Қуыстың күмбезі дөңестеу және төмпешік аймақтарында 4 тереңділі сайлар бар. Тіс қуысының табанында түбір өзегі сағалары орналасқан.
Алдыңғы таңдай төмпешігінде әр түрлі дәреж
де бейнеленген, бірақ шайнау бетіне дейін жетпейтін қосалқы төмпешік орналасқан. (Ауытқулы Карабелли төмпешігі).
Жақсы дамыған — конус пішінді, тік қатты таңдайға қарай иілген екіұрттық және бір таңдайлық үш түбірі бар. Ұрттық түбірі алдыңғыартқы бағытта
жалпақтанған және алдыңғы, артқы деп бөлінеді. Артқы түбір ең қысқа.
Түбір өзегінің сағалары тіс қуысының табанында үшбұрыш тәріздене орналасқан. Ең кең өзегі таңдайлық, алең тар өзегк ұрттық
Алдыңғы ұрттық түбірінде қосымша медиобуккальді түбір өзегі
болады.
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ
4 нұсқалы құрылымы бар : — 1 нұсқа— тіс сауыты бірінші үлкен азу тіс сияқты, бірақ көлемі жағынан кішілеу. Бұл нұсқаға тән қасиет Карабелли төмпешіктерінің болмауы; — 2 нұсқа— тіс сауыты ромб пішінді болып келеді. Алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің жақынауы көрінеді; — 3нұсқа — алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің бірігуіне байланысты сауыт үш төмпешікті болып келеді; — 4 нұсқа — сауыт үшбұрыш пішіндес. Шайнау бетінде үш төмпешік бар. Біреуі таңдайлық , екеуі ұрттық.
Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды.
Ең көп кездесетіні 1 және 4 нұсқа
Тіс үш түбірден тұрады — бір таңдайлық екі ұрттық
Таңдай түбір өзегінің диаметрі ең үлкен. Өзектер алдыңғы артқы бағытта қысылған.
Түбірлердің бір түбір болып қосылуы мүмкін. Кейде тек қана ұрт жақ түбірлер ғана бірігеді.
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ Астыңғы жақтағы азу тістердің ең үлкені. Тіс сауытының пішіні куб тәріздес. Вестибулооральді бағытта біршама ұзарған. Тістің окклюзиялық бетінде 5 төмпешік орналасады. Екеуі оральді, екеуі вестибулярлы, біреуі дистальді. Шайнау бетінде төмпешіктер арасымен өтетін екі сай бар: біреуі медиодистальді, ал басқасы вестибулооральді бағытта өтеді.
Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Тіс қуысы к
мбезі төмпешіктер проекциясы аймағында тереңдеу келеді. Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағында дөңестеу. Қуыстың табанында үш түбір өзегінің сағасы орналасқан.
Өте аз жағдайда шайнау бетінде 6 төмпешік болады: үш вестибулярлық және үш оральді.
Ережег
сәйкес екі түбір — медиальді және дистальді түбір
Дистальді түбірде кең бір өзек болады, медиальді түбірді –екі өзек, ұрттық және тілдік.
Кейде дистальді түбірдің екіге бөлінген нұсқасы кездеседі. Бұл жағдайда түбір өзегі 4-еу болады. Түбірлердің бір
гіп қосылуы өте сирек (2,3–5,0%) кездеседі. Сирек екі түбір өзегі болуы мүмкін.
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ Негізінен екінші үлкен азу тістің пішіні бірінші азу тіске ұқсас. Көп жағдайда окклюзиялық бетінде 4 төмпешік орналасады: екі оральд
және екі вестибулярлы. Вестибулооральді және медиодистальді бағытта төмпешіктер арасынан сайлар өтеді. Сайлар крест тәріздене орналасады.
Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағынан дөңестеу және тіс мойынынан төмен орналасады. Тіс қуысы табанында өзектер
ің үш сағасы орналасады.
Кейде 3 тен 6 ға дейін төмпешіктер болуы мүмкін. Үштөмпешікті нұсқа кезінде сайлар Y әріпі секілді, ал 4 төмпешікті нұсқа кезінде сайлар Х тәрізді.
Тіс екі түбірлі- алдыңғы және артқы. Дистальді түбір медиальді түбірге қарағанда
қысқа және тарлау.
Көп жағдайда үш өзек болады. Бір дистальді екі медиальді. Соның ішінде дистальді өзек ең кең өзек болып келеді.