Дереккөз: «Даму Кәсіпкерлік қоры» АҚ жылдық есептері
Сонымен бірге, қолдаудың басты бағыты кәсіпкерлік әлеуетті күшейту болып табылады. Қолдаудың аталған бағыты бизнесті жүргізу, сондай-ақ әлеуетті және ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеу негіздеріне оқыту бойынша жобалар кешенін құрайды.
2013-2015 жылдары 4 мыңнан астам жаңа және жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқытудан өтті.
Оқыту құралдарының бөлігінде «Бизнес-Кеңесші I, II» қысқа мерзімді бизнес-жаттығуларында 3 867 тыңдаушы болды, шағын және орта бизнестің топ-менеджментті оқытуына 171 кәсіпорын басшылары қатысты, «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 224 адам оқытудан өтті, оның ішінде, АҚШ және Германияның бейінді кәсіпорындарында шетелдік өтілден 29 адам өтті, «Аға сеньорлар» бағыты бойынша 4 адам және «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы бойынша 85 адам оқытылды.
Достарыңызбен бөлісу: |