Жоғарғы жағынан иіс буылтығымен кірпікшелері шығып тұрады;
Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін суықтыққа малынып тұрады;
Рецептор жасушалары негізінен миелинсіз аксондар шығады. Рецепторлық аксон талшықтары иіс жүйкесін құрады.
2. Өткізгіш бөлімі:
Иіс жүйке талшықтары торлы сүйекті тесіп өтіп алдыңғы мидың иіс пиязшасына жетеді (2 нейрон) ® иіс трактысымен (traktus olfactorius) өтіп иіс сезу орталығына жетеді.
Иіс сезу жолы бірнеше будадан тұрады және алдыңғы мидың әртүрлі бөлімдеріне бағытталады: препириформды қыртысқа, алдыңғы иіс сезу ядросына, периамигдалярлық қыртысқа, миндальды кешеннің кейбір ядроларына, лимбия жүйесіне, гипоталамустың вегетативті ядроларына, ретикулярлы құрылымға.
3. Иіс сезу талдағышының орталық бөлімі – самай
бөлімінің ішкі беті – гиппокамп.