Көру талдағышы бөлімдері сипаттамасы:
1. Шеткі бөлімі: Торлы қабық рецепторлары
I. фоторецепторлар – таяқшалар (110-125 млн.) және сауытшалар (6-7 млн.)
II. биполярлы жасушалар қабаты
III. ганглиозды жүйке жасушалар
2. Өткізгіш бөлімі. Көру жүйкесінің талшықтары ми негізіндегі қиылыс (хиазма) ортаңғы ми (4 төмпешіктің жоғарғы бұдырлары) аралық ми (латералды имек дене).
3. Орталық бөлімі. Ми қыртысының шүйде бөлігі, тепкі сайы (fissura calcarina) аймағы.
Есту талдағышы,Корти мушесіне сипаттама беріңіз
Тері талдағышы. Рецепторлардың жіктелуі.
Тепе-теңдік талдағышы, дененің кеңістікте орналасуын бағалаудағы оның ролі.
Дәм сезу және иіс талдағыштары.
Дәм сезу талдағышы,бөлімдері:
1. Шеткі бөлімі:
Дәм рецепторлары - дәм сезу баданалары олардың әрбіреуі - 2-6 қабылдағыш және тірек жасушалардан құрылады.
Рецепторлық дәм клеткасының ұзындығы 10-20 мкм,
Көлденеңі - 3-4 мкм, жоғарғы саңылауға қараған ұшында өте жіңішке 0,1-
0,2 мкм-дей түктері болады.
Дәм баданалары орналасқан дәм емізікшелердің үш түрін ажыратады: саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді. Дәм рецепцияның зонасы: тілдің емізікшелерінде, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың артқы жағында, көмекейде (бадамшаларда).
Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері –тілдің ұшы,бүйірлері
және түбі.
Дәм қабылдағыштары төрт түрлі дәмді сезеді:
тәтті, ащы, қышқыл, тұзды.
Тілдің түбі – ащыны
ұшы - тәттіні
бүйірлері – қышқылды және тұзды.
2. Өткізгіш бөлімі:
Дәм баданасынан 2-4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып тіл жұтқыншақ (IX), бет (VII) жүйкенің талшығы құрамында (дабыл шегі) ® сопақша мидың ядросы tractus solitaris (1 нейроны) ® ми бағанының жалғыз будасына (2 нейрон) келеді. Одан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құрамында таламусқа жетеді (3 нейрон).
Достарыңызбен бөлісу: |