3 і-тарау. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілетінің дамуын зерттеудің теориялық негізі


Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін



бет4/4
Дата22.06.2017
өлшемі0,72 Mb.
#19874
1   2   3   4

2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін

тәрбиелеу маңызы

Қазіргі уақытта негізгі талаптардың бірі - білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру).

2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.

3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

6. Шығармашылық қабілетттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған. Шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық-оқыту, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып есептелінеді. Жаңалыққа деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский: «еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» - деген. Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болу керек. Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар:

- Оқушының өз бетімен ізденуге, жаңа білім «ашуға», проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы; оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты әр салалы болуы керек;

- Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады. Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;

- Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игерілген білімнің жиі тексеріліп отырылуы;

- Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға, оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді;

Н.И. Болдырев, М. А. Данилов еңбектерінде танымдық тапсырмалар маңызын оқушыларда бар білімдерін шоғырландырып, талдау жасау арқылы өз беттерімен ізденуге талпындыратын болуы керек деп тұжырымдайды. Ол үшін қойылған міндеттерді шешу жолдары дайын күйінде берілмей, оқушылар арқылы іздеп табылуы керектігі анықталған.

Ақыл-ой ынтасы, қиындықты жеңу - балалардың ойлауын дамытады, оқуға қызығушылығын көтеріп, жағымды эмоциялық күй тудырады.

Түсіндірумен қатар таным әрекетінің қарқынды басқа да түрлері пайдаланылса, білімді игеру мен ақыл-ойдың дамуы пәнменді болады.

Қазақстан Республикасының жоғарғы педагогикалық білім тұжырымдамасы (2005 жылғы) негізгі салалардың талаптарына сай мазмұны мен құрылымы айтарлықтай жаңаландырылған міндеттер қойды. Аталған тұжырымдама жоғарғы оқу орындарының оқытушыларын өз алдына жеке ойшыл ретінде қалыптасуына, мақсат қоя білуіне, педагогикалық жағдаяттарды талдау, оқу үрдісін жобалап, оны іске асыруға, өз кәсібінің нәтижесін қадағалап, бағалай білуге дайындауды жобалап отыр. Бұдан студенттердің оқыту бағытындағы дұрыс таңдаулары, олардың алдағы өмірлерінің сәл де болса айқындығын меңзейтін оқыту үрдісінің ұйымдастырылуының қажеттілігі туындайды.

Шығармашылық мәселе сан қырлы: оған философиялық-эстетикалық мәдениеттанымдық, әлеуметтік және психологиялық сыншы педагогикалық аспектілер кіреді. Ал оның өмір сүруінің өзегін табуы үшін кешендік қатынас қажет. Педагогика жеке тұлғаның шығармашыл қорының жетілу көзқарасын, шығармашыл бастамалардың қалыптасу механизмдерін тудыру әрекеттері барысында шығармашылықты қарастырады.

Шығармашылық қабілеттерге дәстүрлі және инновациялық қабілеттерді ажырата білу ғана емес, оқу үрдісін жүргізудегі күш-жігер жұмсаудың дұрыс бағыттарын табу қабілеттері де кірмек. Әсіресе, теориялық - әдістемелік білімнің жоғарғы құрылысы іспетті болып келетін тәжірибелік әдістер мен біліктілікті дамыту барысында белсенді түрде байқалады.

Белгілі бір уақыттарға дейін шығармашылықтың әдістемеленуі белгілі бір өнер түріне ғана қолданылды.

Қазіргі уақытта педагогика ғылымда жаңа сала пайда болды: интегративтік педагогика. Бұл - жүйелі ұйымдасқан бүтін педагогикалық қызмет әрі оның күші жаңа талаптарға жауап бере алады. Интегративтік педагогиканың мақсаты - оқытушының өз алдына ғылыми ұйымдасқан, шығармашыл бүтін педагогикалық іс-әрекетін жасауына барынша көмектесу және сол арқылы педагогикалық жетілу мәселелерін шешу әр мұғалімнің жоғары оқу орындары жағдайында жеке тұлға болып аяққа кете алуына ықпал ету.

Әдістемелену қатынасы шығармашылық үрдісін зерттеуде оның бірнеше сатысын қарастырады: нысана және мәселені анықтау, оның талқылануы және фактурасы мен қалыбының табылуы.

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерінде кәсіби шығармашылықтың негізгі әдістемелік ұстанымдары көрсетілген. Бірауыздылық, қалыптылық, жетілу, қарама-қайшылық, ой тұтастығы ұстанымдары. Соңғы ұстаным эмоция, елестету және қисынды ойлауды іске қосқан сәттерде пайда болады. Болашақ маманды даярлдау, әсіресе, кәсіби шығармашылық ой түсінігінің толық жетілуін талап етеді.

Педагогика үрдісінің басты және өзекті міндеттері дәл осында жатыр. Әдістемелену және аспаптандандыру анықтамалары қойылып, мәселелердің шешілуін іздеу-өтпелі кезеңнің кезек күттірмес міндеті. Бұл контексте үйренушінің алдын болжау қабілеттерін қалыптастыру бойынша еңбекте бәсекелестікке түсе алатын, саласы мен деңгейіне сәйкес кәсіби жұмыскерді, жауапты, әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы еңбек етуге ыңғайлы, кәсіби өсуге үнемі дайын, өз мамандығына қоса сауатты жан-жақты маман дайындау басты мақсат болып саналады. Қазіргі педагогика ғылымында «Компетенция және компетенттік» деген ұғым жиі қолданылды. Бірқатар жұмыстарда бұл терминдерге былайша: компетенция жеке тұлғаның жетілу деңгейі ретінде немесе білім нәтижесі болып талданады. Компетенттік - компетенцияға тікелей қатысты қосалқы ұғым. Сондықтан педагогика ғылымынды «компетенттік» термині жеке тұлғаның мінез құлқы ретінде түсіндіріледі, әрі ол қандай да бір кәсіптің айналасындағы қол жеткізбекші нәрселер мен функцияларын анықтайды. Педагогикада білім мен біліктіліктен тұратын басты да маңызды компетенция атап көрсетілген. Бұл компетенция түрін меңгеру күнделікті өмірдегі кәсіби, әлеуметтік өмірдегі сан түрлі мәселелердің шешімін табуға жол ашады.

Арнайы компетенциялар кәсіби қызметтердің белгілі бір түрінің жүзеге асуына көмектеседі. Арнайы компетенциялардың бәріне негіз болуға сауаттылық, зерттеулер, қызығу сапалары кіреді.

Әрбір тұлға жеке көзқарастарымен, қоршаған ортаға деген моральдық талаптармен, түрлі қасиеттерімен әртүрлі деңгейде сипатталады.

Қорытынды.

Қазақстанның тәуелсіздік және егемендік алуына байланысты, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесі, қоғам дамуының бағытында жан -жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Жүргізілген зерттеу жұмысымыз педагогика мен мектеп практикасындағы көкейкесті мәселелердің бірі болып табылатын оқушылардың танымдық дербестігін дамыту мен шығармашылық тапсырмалар арқылы ой-өрісін дамытуды қалыптастыруға арналған. Әлеуметтік және ғылыми - техникалық прогресті дамытудағы басты мәселелердің бірі адамдардың белсенділігі, сапалы және терең білімі мен іскерлігі сонымен қатар кәсіптік дайындығы болып табылады. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Осы мақсатты бетке ала отырып төменгі сынып математикасын оқыту барысында оқушылардың зерттеушілік қызметін қалыптастырудың әдістемесін жетілдіру жолдары мен тәсілдеріне байланысты бірқатар мәселелер қарастырылды. Шығармашылық есте сақтауда, ойлауды, байқағыштықты, мақсаткерлікті белсенді ете түседі. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрі әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Қорыта айтқанда оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы балалардың кішкентай кезінен бастап дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Бала қиялын дамыту барысында оларды бақылауға, зерттеуге, ойлауға, өзінің болашағын болжауға және идеяларымен еркін әрекет жасауға үйренеді. Балалар өздерін тапқырлыққа, білгірлікке, мақсатқа талпынуға және қиялдауға итермелейтін шығармашылық ойындармен, тапсырмалармен көп жұмыс жүргізу керек. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін, ой - өріс белсенділігін, сөйлеу шеберлігін дамыту қажеттілігі жүзеге асады.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Н.Айғабылов. Бастауыш класс оқушыларының ақыл – ой әрекеті

белсенділігін арттыру. А., Мектеп – 1970.

2. Асылбеков А. Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу. – А. 1959.

3. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. Алматы-1992ж

4. Педагогика и психология одарености школьников (под.ред.

У.Б.Жексенбаевой, А.К.Сатовой) Алма ата, 2002, с.248.

5. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев Педагогика Астана-1998ж

6. Қ.Жарықбаев Жалпы психология Алматы-2004ж

7. Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, С.Х.Құрманалина Бастауыш

сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. Астана-2003ж

8. Яковлев Е. Развитие творческой одаренности детей школьного возраста

(школьный психолог). № 39, 2001. с.6-7.

9. Д.Рахымбек. Оқушының логика методологиялық білімдерін

жетілдіру. Алматы-1998ж.

10. Ж.Аймауытов. Жан жүйесі және өнер таңдау. «Бес томдық шығармалар

жинағы». – Алматы. Ғылым – 1998.

11. А.Е.Әбілқасымова. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.

Алматы- 2005ж

12. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. Қазақстан

мектебі 4/2005-5 б.

13. Матюшкин А.М. Таланты нужно беречь. Мир психологии,

№ 1, 2000. с.208.

14. Ж.И.Намазбаева. Психология Алматы-2005ж.

15. Б. Байжұманова. Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық

қабілеттің дамуын зерттеудің теориялық негізі. Ізденіс 6/2001ж-1966

16. М.Мұхамедин. Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын

қалыптастыру негізі. Ізденіс 6/2001-1216

17. Д.Әубәкірова. Шығармашылық қабілетті дамыту жолдары. Қазақстан

мектебі 7/2001ж-74б.

18. Н.Жанатбекова. Шығармашылық қабілеттілік-даму негіздері

Қазақстан мектебі 2/2006-15б.

19. М.Ыбышева. Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту

Информатика. Физика. Математика. 4/2001ж-56,58б.

20. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында

Астана.1.03.2006ж-6б.

21. С.Қарапаев. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу

маңызы. Бастауыш мектеп. 1/2006-24б.

22. Ж.Күнпейіс. Оқушыларды шығармашылыққа қалыптастыру. Бастауыш

мектеп 2/2006ж-32б.

23. Г.Дүйсенбина. Шығармашылық үрдіс. Қазақстан мектебі 12/2006ж-34б 24. Ж.Нұрманбетқызы. Шығармашылықты қалыптастыру қажеттілігі

Қазақстан мектебі 10/2006ж-16б.

25. Ш.Қайыпова. Танымдық шығармашылыққа баулиық. Қазақстан

мектебі 7/2005-56б.

26. Р.Омарова Шығармашылық ізденіске жетелейді Қазақстан мектебі

4/2006-47б.

27. Р.Омарова. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру. Қазақстан

мектебі 5/2006-23б.

28. И.Бикирова Шығармашылық - нәтижелі оқыту негізі. Бастауыш

мектеп -5/2006ж-8б.

29. Р.Омарова Шығармашылық - басты мақсат. Бастауыш мектеп -

3/2006ж-30б.

30. Б.Сыдықбекова. Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту

Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 8/2006 ж-26 б.

31. Д.Рахымбек, М.Мұсабеков, Г.Жетпісбаева . Шығармашылық

тапсырмалар - оқушыларды зерттеушілікпен жұмыс істеуге

тәрбиелеудің жолы ретінде ізденіс 2/2001ж-219б.

32.Е.Бекболғанов. Ойлау қабілетін дамыту. Қазақстан мектебі. 4/2005-49б.


ШЖН – ОБ – 001/13-2005
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Шымкент институты


Диплом жұмысы
Тақырыбы: Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту.

Орындаған: Есенғали М.Е.

Ғылыми жетекші: Ахметова А.К.
Шымкент - 2008.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет